1 Қаржы нарығының экономикалық мазмұны


Зейнетақы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы



бет8/15
Дата27.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#28957
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
stud.kz-20817

2.4 Зейнетақы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы
2011 жылғы 1 ақпанда 13 жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан əрі – қорлар) өз қызметін жүзеге асырды. Қаңтар айында заңды тұлғаларға зейнетақы жарналарын тарту жəне зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия берілген жоқ.

16 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар, оның ішінде 13 қор зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясына ие.

Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды. Сонымен бірге, 6 екінші деңгейдегі банк қорларға кастодиандық қызмет көрсетті: «HSBC Банк Қазақстан» АҚ еншілес банкі, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2 270,1 млрд. теңге жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасымен 7 986 822 болды. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны қаңтар айында 2 960 (0,04%) азайды, ал жинақталған зейнетақы қаражаты 17,6 млрд. теңге (0,8%) ұлғайды.

2011 жылғы 1 ақпанда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының ең көп саны бұрынғыша 4 қорда жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі» – 25,8%, «ГНПФ» – 22,3%, «ҰларҮміт» – 13,9% жəне «БТА Қазақстан» – 9,6% немесе олардың үлесіне барлық қорлар салымшыларының жалпы санының 71,6%-ы келеді.

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2011 жылғы 1 ақпанда жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгемен 39 397 болды. Ерікті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны қаңтар айында 137 бірлікке (0,4%) азайды.

Ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 104,6 млн. теңгемен 4 048 болды. Ерікті кəсіби зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны қаңтар айында 3 бірлікке (0,1%) азайды.

Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты ағымдағы жылы қаңтар айында 17,6 млрд. теңге (0,8%) ұлғайып, 2011 жылғы 1 ақпанда 2 275,7 млрд. теңге болды.

Зейнетақы жарналарының жалпы түсуі қаңтар айында 29,2 млрд. теңгеге (1,6%) ұлғайып, 2011 жылғы 1 ақпанда 1 850,9 млрд. теңге болды.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 569,0 млрд. теңге болды. Қаңтар айында «таза» инвестициялық кіріс 2,4 млрд. теңгеге (0,4%) азайды.

Салымшылардың (алушылардың) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі мынадай көрсеткіштермен сипатталды:
Кесте 7 – Жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі

Күні

млрд. теңге



1.01.10

1.01.11

1.02.11

1.01.11 салыстырғандағы өсім

1.01.11 салыстырғандағы өсім, %

Жинақталған зейнетақы қаражаты

1 860,5

2 258,2

2 275,7

17,5

0,8

Зейнетақы жарналары

1 488,8

1 821,7

1 850,9

29,2

1,6

«Таза» инвестициялық кіріс

481,7

571,4

569,0

-2,4

-0,4

«Таза» инвестициялық кірістің жинақталған зейнетақы қаражаты сомасындағы үлесі

25,9

25,3

25,0

-

-0,3%-дық тармақ

Ескерту: ҚҚА мәліметтері негізінде
2011 жылғы 1 ақпанда жинақталған зейнетақы қаражатының ең көп сомасы 6 қорда жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі» – 725,5 млрд. теңге (31,9%), «МЖЗҚ» – 380,5 млрд. теңге (16,7%), «Ұлар Үміт» – 321,9 млрд. теңге (14,2%) жəне «БТА Қазақстан» – 163,7 млрд. теңге (7,2%), «Грантум» - 152,3 (6,7%), «Капитал» - 112,5 (4,9%) бұл 6 қордың үлесіне барлық қорлардағы жинақталған зейнетақы қаражаты көлемінің немесе жиынтығының 81,6%-ы келді.

Сурет 11 – Зейнетақы жарналарының, «таза» инвестициялық кірістің жəне жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеру динамикасы

Ескерту: ҚҚА мәліметтері негізінде
Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармау, жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды уақтылы жүзеге асырмау жəне зейнетақы активтерін тиісінше басқармау үшін өсімпұл сомасы қаңтар айында 0,1 млрд. теңгеге (0,7%) өсіп, 2011 жылғы 1 ақпанда 13,3 млрд. теңге болды.

2011 жылдың басынан бастап зейнетақы аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге 633 алушыға жүзеге асырылды. Зейнетақы аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаудың жалпы сомасы 2011 жылғы 1 ақпанда 16,8 млрд. теңгені құрады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жөніндегі ақпаратты Агенттіктің сайтында орналастыру, сондай-ақ қорлардың ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы салымшыларға (алушыларға) қорды дербес таңдауға жəне зейнетақы заңнамасы бойынша берілген жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару құқығын пайдалануға мүмкіндік береді.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару қаңтар айында 33,8 млрд. теңгеге (3,1%) ұлғайып, 1 141,5 млрд. теңгені құрады.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ЗАИБЖАҰ-да инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі ағымдағы жылы қаңтар айында 16,1 млрд. теңгеге немесе 0,7%-ға өсіп, 2 276,2 млрд. теңге болды.

2010 жылғы 1 ақпаннан бастап 2011 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық өсуі 31,8 млрд. теңге болды.


Сурет 12 - Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің өзгеру динамикасы

Ескерту: ҚҚА мәліметтері негізінде
Қорлардың жиынтық капиталы 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 82,9 млрд. теңге болды, оның ішінде жарғылық капитал – 44,2 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың жалпы көлемінің 53,3%-ы болды. Қорлар бойынша активтердің жалпы сомасы 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 89,4 млрд. теңге болды.

2011 жылғы қаңтар айында 5 қор («Ұлар Үміт», «АМАНАТ Қазақстан», «Атамекен», «БТА Қазақстан», жəне «Отан») жалпы сомасы 2,6 млрд. теңге шығынға ұшырады, бұл ретте 8 қор жалпы сомасы 2,5 млрд. теңге пайда алды. Қорлардың таза кірісінің жалпы сомасы 2011 жылғы 1 ақпанда 0,1 млрд. теңге болды.

Қорлар меншікті активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына – 61,9%, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 13,7%, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға – 18,8%, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – инвестициялардың жалпы көлемінің 3,2 %-ын орналастырды.
Кесте 8 – Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі

Республика экономикасындағы зейнетақы секторының ролін сипаттайтын қатысты көрсеткіштердің динамикасы

1.01.06

1.01.07

1.01.08

1.01.09

1.01.10

1.01.11

1.02.11

ЖІӨ млрд.теңге

7453,0

10139,5

12849,8

16052,9

17007,6

19303,6

21213,3

Жинақталған зейнетақы қаражатының ЖІӨ-ге

қатынасы, %-бен



8,7

9,0

9,4

8,8

10,9

11,7

10,7

Зейнетақы жарналарының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

6,9

6,7

7,1

7,4

8,8

9,4

8,7

«Таза» инвестициялық кірістің ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

2,1

2,5

2,6

1,9

2,8

3,0

2,7

Қорлардың жиынтық капиталының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

0,2

0,2

0,2

0,3

0,4

0,4

0,4

ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері негізінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет