1. Асқазан, ұлтабар жара ауруының себептері; а психоэмоциялық факторлар



бет3/5
Дата27.06.2023
өлшемі26,98 Kb.
#103582
1   2   3   4   5
12елі ішекті фракциялық зондылау.
Мақсаты:
- өт шығару жолының түрлерін анықтау, лямблияларды анықтау;
Әзірле:

  1. анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.

  2. қолыңды жуып кептір, қолғап ки.

  3. баланы көмекшінің алдына отырғыз.

  4. көмекші баланың аяғын өзінің аяғының арасына ұстайды, қолдарын сол қолымен қамтып, басын оң қолымен бекітеді.

  5. асқазан зондын құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін және төс сүйегінің семсер өсіндісіне дейін өлшеп алып белгі қой.

  6. зондтың тұйықты ұшын сула.

  7. баланың аузын қалақша арқылы аш (қалақшаны қалам сияқты ұста), тілдің түбіне бас.

  8. оң қолдың сұқ саусағымен зондты тілдің ортаңғы сызығы бойымен енгіз.

  9. балаға аузын жауып, терең дем алып, жұтыну қимылын жасат.

  10. жұтыну қимылы кезінде зондты белгіленген жеріне дейін енгіз.

  11. баланы ішімен жатқыз, орамалды сілекей жиналу үшін ауыз астына қой.

  12. зондтың бос ұшын №0 пробиркаға салып асқазан бөліндісін жина.

  13. бөлінді тоқтағаннан кейін зондқа қысқыш сал.

  14. 15 минуттан кейін қысқышты ашып №1 пробиркаға салып асқазан бөліндісін жина.

  15. осылайша №3, №4 пробиркаға асқазан бөліндісін жина.

  16. асқазанға жылы қырыққабат қайнатпасын зонд арқылы енгізіп 15 минутқа зондты қысқышпен қысып қой.

  17. 15 минуттан кейін қысқышты ашып №5 пробиркаға салып асқазан бөліндісін жина.

  18. зондты қысқышпен қысып қой.

  19. 15 минуттан кейін қысқышты ашып №6 пробиркаға салып асқазан бөліндісін жина.

  20. зондты қысқышпен қысып қой.

  21. осылайша №7, №8, №9 пробиркаларға асқазан бөліндісін жина.

  22. тез қимылмен зондты орамал арқылы шығарып лотокқа таста.

  23. барлық қолданылған құралдарды дезерітіндіге сал.

  24. қолғабыңды шеш, дезерітіндіге таста.

  25. қолыңды жуып кептір.

  26. жолдама жазып 2 сағат ішінде биксте лабораторияға жібер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет