|
|
бет | 4/5 | Дата | 27.06.2023 | өлшемі | 26,98 Kb. | | #103582 |
| Байланысты: тема 11Асқазанды жуу.
Мақсаты:
- асқазаннан улы заттарды шығару;
Әзірле:
асқазан зонды;
резеңке қолғап, 2 фартук;
20-22º суы бар ыдыс;
табақ;
дәке салфеткасы;
қалақша;
клеенка;
- жуылған суға арналған залалсыздандырылған ыдыс;
анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.
қолыңды жуып кептір, фартук, қолғап ки.
жөргек үстелін дезерітіндімен өңдеп, таза жөргек төсе.
баланы көмекшінің алдына отырғыз.
көмекші баланың аяғын өзінің аяғының арасына ұстайды, қолдарын сол қолымен қамтып, басын оң қолымен бекітеді.
балаға көмекшінің қолы үстінен фартук кигіз.
баланың аяғының арасына табақ қой.
асқазан зондын құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін және төс сүйегінің семсер өсіндісіне дейін өлшеп алып белгі қой.
зондтың тұйықты ұшын сула.
баланың аузын қалақша арқылы аш (қалақшаны қалам сияқты ұста), тілдің түбіне бас.
оң қолдың сұқ саусағымен зондты тілдің ортаңғы сызығы бойымен белгіленген жеріне дейін енгіз.
зондтың бір шетін воронка немесе поршені жоқ Жане шприцімен байланыстыр.
воронканы асқазаннан төмен деңгейде ұстап су толтыр.
воронканы жайлап көтеріп сұйықтықтың асқазанға баруын қадағала.
воронканы төмен түсіріп ішіне жиналған сұйықтықты табаққа құй.
осылайша таза су пайда болғанша қайтала.
асқазанды жууға арналған сұйықтық 1 л/жасына есептеледі.
асқазанды жууға жіберілген сұйықтықпен шығарылған сұйықтық мөлшері тең болу керек.
воронканы алып тез қимылмен зондты салфетка арқылы шығар.
баланың аузын шай да анасына бер.
жиналған асқазан жуындысын залалсыздан- дырылған ыдысқа құй.
жолдама жазып лабораторияға жібер.
фартук, қолғабыңды шеш, дезерітіндіге таста.
қолыңды жуып кептір.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|