Құсқанда көрсетілетін жедел көмек
Құсықтың даму себебі : улану, интоксикация, асқазан-ішек трактісінің аурулары, ОЖЖ-нің аурулары.
Этаптары
|
Негіздемесі
|
Мөлшері
|
1.Баланы басын жоға
ры көтеріп, бір қыры
на бұрып жатқызу
|
Құсық массасына тұншықпау үшін
|
|
2.Денесін қысатын киімдерінің ілгектерін
ағытып, шешіндіру
|
Өкпенің экскурсиясын
жақсарту үшін
|
|
3.Таза ауаның жетуін қамтамасыз ету
|
Тынысын жеңілдетеді
Жағымсыз иістердің болмауы үшін
|
|
4.Дәрігер тағайында
уы мен асқазанды
жуу керек
|
Токсин мен уды жою үшін
Асқазанды жуу кейде жағдайын нашарлатуы мүмкін
|
|
5. per os 0,25 новокаин ерітіндісі
бұлшық етке церукал, (реглан) немесе
прозерин
құсық қайталанса б/етке аминазин
|
Шеткі құсу орталығы
ның қозғыштығын
азайтады
Перистальтикасын қалыптастырады
Перистальт.қалып-ды
Құсу орт-ның қозғыш
тығын азайтады
|
1 ш.қ – 1 д. қ- 1 ас.қ жасына қарай
1 мг/кг (1 мл = 5 мг)
0,1 мл/жасына
0,1 мл/ жасына
|
6. Құсқаннан кейін
а) аузын қайнаған сумен шаю керек
б) шай-су үзілісін 2-4 сағат жасап отыру
в) қажет жағдайда құсық массасын жолдамамен бірге лабораторияға жолдау
|
Гигиеналық жағдай жасау
Оральды регидратация жасау
Құсықтың пайда болу себебін анықтау
|
|
7. Құсық себебін анықтап және қалпына келтіру.
|
Қайталамалы құсықтың алдын-алу үшін
|
|
Құрт жұмыртқасына тексеруге нәжіс жинау.
Мақсаты:
- лабораториялық тексеруге материал алу;
Әзірле:
- құрғақ таза банка қақпағымен;
- қалақша;
- таза, қайнаған сумен шайылған горшок;
- жолдама;
- қолғап.
анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.
қолыңды жуып кептір, қолғап ки.
горшокты қайнаған сумен шай.
баланы горшокқа отырғыз.
горшоктағы нәжістен қалақшамен әр жерден 5 граммнан аз емес нәжіс алынады.
алынған нәжісті таза құрғақ банкаға салып қақпағын жап.
қалақшаны ағынды сумен шайып, дезерітіндіге сал.
резеңке қолғапты шешіп, оныда дезерітіндіге сал;
қолыңды сабындап жуып, кептір.
алынған нәжісті жолдамамен 8 - 12 сағат ішінде, +3 +4º - та мұздатқышта сақтап кешіктірмей баклабораторияға жеткіз
Энтеробиозға жұғынды жинау.
Мақсаты:
- энтеробиозға тексеру;
Әзірле:
- жабысқақ лентасы бар әйнекше;
- жолдама;
- стеклограф;
- қолғап;
- крафт – қағазы;
- ағаш қалақша.
анасына жасалынып жатқан шараның қажеттілігін түсіндір.
әйнекшеге стеклографпен жолдама номерімен бірдей етіп номер салынады.
қолыңды жуып кептір, қолғап ки.
баланы сол жақ қырына жатқызып, аяқтарын тізе буынында ішіне қарай бүктір.
сол жақ қолдың 1 – 2 саусақтарымен құйрық арасын аш.
әйнекшедеге жабысқақ лентаны алып, баланың анус маңына жабыстыр.
ағаш қалақшамен лентаның үстінен 2 – 3 рет жүргіз.
жабысқақ лентаны алып, әйнекшеге қайтадан жабыстыр.
резеңке қолғапты шешіп, дезерітіндіге сал;
қолыңды сабындап жуып, кептір.
алынған материалды лабораторияға жеткіз.
1-есеп
Балалар дәрігерінің қабылдауына 13 жасар Нұрлан келді. Бала ішінің ауыратына шағымданады. 2 жылдан бері біртіндеп ауырсыну байқалған. Ауырсыну тамақ ішер алдында немесе тамақ ішкеннен соң 1-1,5 сағаттан кейін басталады. І ші ұстамалы түрде ауырады екен., тамақ ішкеннен соң сәл басылады болып, кейін іші қыжылдайды.
Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғысы бозғылт, сипағанда құрғақ, бала арық. Кеуде қуысы ағзаларында өзгерістер жоқ.
Пальпация кезінде- эпигастрий маңында ауырсыну бар.
1. Қандай ауру туралы ойлауға болады.
2. Диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеулерге жолдама жаз.
3. ауруға тән диета түрін көрсет.
4. қандай ақыл- кеңес бересіз?
2-есеп
Сіз мектепте медициналық қызметкер болып жұмыс жасайсыз. Түстен кейін мед. Пунктіге бір оқушы келіп тұр. Шағымдары: басының ауырып, айналуы, жүрегі айнып 1 сағаттың ішінде 2 рет құсқан.
Бала таңертең кешкіден қалған тамақты жегендігін айтады.
1. Не туралы ойлайсыз.
2. Сіздің іс-әрекетіңіз.
3-есеп
8 жастағы бала. 5 жасында аскаридозбен емделген. Қазір балада тәбеті төмен, ұйқысы нашар, мазасыз, кіндік айналасындағы ауырсынуға шағымдалады, ауырсыну жүгіргенде күшейеді; кезеңді түрде таңертеңгілік жүрек айнуы, кекіру байқалады. Нәжісі тұрақсыз, ботқа тәрізді.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз
2. Тактикаңыз және еміңіз қандай болмақ?
4-есеп
Сіз 12- балабақшада медициналық қызметкерсіз.Топтарды аралап, тексеріс жүргізген кезде орта топтың тәрбиешісі топтағы Арлан атты баланың тәбетінің болмай, тамқтан бас тартатынын айтты.
Анасынан толығырақ мәліметтер сұрастыру барысында баланың үйде де тәбетінің жоқтығы, тік ішек айналасының қышынып, кіндік айналасының ауыратыны анықталды.
Баланы қарағанда- жалпы жағдайы қанағаттанарлық, мазасыз,көп жылайды.
Тері жамылғысы бозарған, құрғақ. Тері асты шел май қабатының дамуы төмендеу, еріні жарылған.
1. Қандай ауру турвлы ойлауға болады
2. Іс- шараңыз қандай
3.Топтағы балаларға қандай шаралар жүргізу керек.
5-есеп
6 жасар балаға жедел жәрдем бригадасы шақыртылды.
Шағымдары: оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауырсыну және оның оң жақ иыққа таралуы, дене қызуының 37.5ºС-ге жоғарлауы. Мамасы баладағы ауырсынуды ащы соус пен қуырылған майлы картоппен байланыстырады.Ішінің аурғанына 3 сағаттай уақыт болған.
Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы аздап бозарған, көзсклерасында аздап сарғаю байқалады. Іші пальпацияда оң жақ қабырға астына қарай біршама керілген. Кера, Ортнер белгілері оң мәнді. Бауыры қабырға доғасынан 0,5 см-ге шығыңқы. Талағы ұлғаймаған. Зәрі қанық сары түсті.
Қандай ауру туралы ойлайсыз?
Бала қандай жәрдемді қажет етеді?
Анасына ақыл кеңес беріңіз.
6-есеп
15 жастағы қыз бала.
Шағымдары; қыжылдау, қышқылды кекірік, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, ол тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан соң күшейеді. Оң жақ жауырынға тарайтын түнгі ауырсыну кезеңді қайталанып отырады. Ауырсыну спазмолитиктерді қабылдаған соң тарап, сосын қайтадан күшейіп, ұстама тәрізді сипатта болады.
Анамнезі бойынша: ішек лямблиозы болған.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз.
2. Ем тағайындаңыз.
7-есеп
5 жастағы баланың ішегінде лямблия табылғаны анықталды, нәжісі тұрақсыз. Баланың тамаққа тәбеті төмен, мамасы көңіл күінің бұрынғысынан салыстырғанда төмендігін айтады. Бала балабақшаға барады.
Қандай диагноз қояр едіңіз?
Іс-әрекетіңіз қандай?
Ем тағайындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |