9-шы сабақ 1.Гельминттердің жіктелуі. Геогельминттер, биогельминттер, байланыс гельминттер.
2. Гельминттердің жұғу жолдары және берілу факторлары.
3. Сорғыш құрттар, таспа және жалпақ құрттар құрылысының негізгі айырмашылықтарын жазу.
4. Гельминтоздардың зертханалық диагностикасының негізгі принциптерін жазу.
5. Нативті жағынды дайындау әдістері. Байыту әдістері.
6.Сорғыштар. Құрылысы. Тіршілік циклы.Жұқтыру жолдары, ағзадағы оқшаулау, аурудың патогенезі, клиникасы, зертханалық диагностика, алдын алу. Жеке бас гигиена ережелері.
7.Таспақұрттар. Құрылысы. Тіршілік циклы. Жұқтыру жолдары, ағзадағы оқшаулау, аурудың патогенезі, клиникасы, зертханалық диагностика, алдын алу. Жеке басгигиена ережелері.
Гельминтология – тоғышар құрттар мен олардың адам, жануар және өсімдіктерде тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым саласы. Паразитологияның мақсаты: гельминттердің морфологиясын, физиологиясын, экологиясын және даму биологиясын зерттеу, індеттанулық ерекшеліктерін анықтау, малдың тірі және өлгеннен соң анықтау әдістерін жетілдіру, емдеу және дауалық мақсатта қолданылатын тиімді препараттарды ұсыну.
Қазір Гельминттердің 12 мыңнан астам түрі белгілі. Бұларға:
жалпақ құрттардан кейбір кірпікшелі құрттар, трематодтар, моногенетикалық сорғыштар, темноцефалдар (лат. Themnocephalida), гирокотилидтердің (лат. Gyrocotyloidea) барлығы, талшықты құрттардың біразы;
алғашқы қуысты құрттардан (Nemathelmіnthes типінің өкілдері) жұмыр құрттардың көбі, қылқұрттар мен тікенбас құрттардың барлығы;
буылтық құрттардан (Annelіda тип тармағына жататындар), көпқылтанды құрттардың көпшілігі жатады.
Гельминттер адамда, жануарларда, өсімдіктерде тұрақты немесе уақытша тіршілік етеді және осы кезде ауру туғызуы мүмкін. Гельминттердің дамуы – дернәсілдік және жыныстық кезеңді екі сатыдан тұрады. Олар дернәсілінің тіршілік ерекшелігіне сәйкес, дамуы басқа тірі организмдерде өтетін (биогельминттер) және дамуы организмнен тыс, сыртқы ортада еркін тіршілік ететін (геогельминттер) түрлері болады. Гельминттердің адамды, малды құрт ауруына шалдықтыратын аскарида, эхинококк, трихинелла, миқұрт сияқты түрлері, ал өсімдіктерді гетеродероз, мелоидигиноз, дитиленхозға шалдықтыратын түрлері өте қауіпті және олар жиі кездеседі.
Гельминттерді жүйелеудің негізі. Гельминттер және олардың тудырған аурулары жануарлар патшалығынан болуына байланысты паразитологияның гельминтология тарауында қарастырылады. Сондықтан, гельминттерді екі: жалпақ және жұмыр типке жіктеу қабылданған. Жалпақ құрттар типіне (Plathelmintes) келесі кластар: Monogenea, Trematoda және Cestoda, ал жұмыр құрттарға (Nemathelmintes) Nematoda мен Acanthocephalа класс өкілдері енгізілген. Барлық гельминттердің ішінде 67 түрі (трихинелла, токсокара, эхинококк, альвеококк, тениаринх, тения, дифиллоботрии, фасциола, описторх және т.б.) адамға жұғудан қауіпті. Гельминттер даму ерекшеліктеріне қарай екі топқа: геогельминт (аралық иелерінің қатысуынсыз дамитын) және биогельминт (аралық иелерінің қатысуымен дамитын) бөлінеді:
1. Биогельминттер - инвазиялану қабілетіне ие болмас бұрын организмінде бір немесе бірнеше аралық иелер дамитын гельминттер;
2. Геогельминттер - адам организмінде иелерін ауыстырмай паразиттенетін және олардың бастапқы даму сатысы қоршаған ортада (топырақта) жүзеге асырылатын гельминттер.
Гельминтоздарда пайда болатын иммунитет инфекциялық және протозойлық аурулардағы иммунитетпен салыстырғанда әлсіз, толық емес және шартты болады, өйткені, біріншіден, гельминттер мал организмінде көбеймейді (трихинелла мен оллулана личинкаларынан басқасы), екіншіден, гельминттер құрылысы мен химиялық құрамы бойынша күрделі және дене қуыстарында мекендейді. Сондықтан организмде антиденелер пайда болып, сезімталдық күшейеді де, қайта жұғуға қарсы шартты тұрақтылық дамиды. Осыған байланысты: абсолюттік (толық тұрақтылық), барьерлік (енген личинканың ішек кілегей қабатында, теріде, лимфатүйіндерінде, өкпеде, бауырда кідіріп қалуы) және шектеуші (гельминт барлық тосқауылды өткенімен, организмнің қорғаныс күштері оның дамуын тежейді) иммунитет түрлері қалыптасады.
Гельминтоздарды балау әдістері. Гельминтоздарда басқа да аурулардағыдай диагноз кешенді, яғни індеттанулық деректер, клиникалық белгілер, патологиялық өзгерістер ескеріле, лабораторлық зерттеу нәтижелеріне сүйене қойылады. Ауру малға диагноз қою оның тірі кезінде және өлгеннен кейін жүргізіледі. Малдың тірі кезіндегі балауға індеттанулық деректер, клиникалық белгілер, патологиялық өзгерістері ескеріле, лабораторлық зерттеу нәтижесіне сүйене жүргізілсе, өлген малдың өлексесін толық гельминтологиялық зерттеу немесе толық емес (бөлек мүшені) зерттеу арқылы іске асырады.
Паразитологиянны зерттеу әдістеріне микроскоппен қарап зерттеу әдістері жатады. Микроскоппен зерттеу арқылы –гельменттердің жұмыртқаларын және личинкаларын табуға болады. Талдау жүргізу үшін науқастың нәжісін ала саысымен ертерек зертханаға жеткізу керек. Нативті жағынды. Заттық әйнекше бетіндегі 50 пайыздық глицерин ерітіндісінің тамшысына нәжістің кішкентай бөлшегін таяқшамен қосып, жағынды мөлдірлеу болғанша араластырады. Бір әйнекше бетіне екі жағынды дайындап нәжіс құрамындағы жұмыртқаларды анықтайды. Мысалы: амеба, кокцидия, балантидиоз т.б. Келесі әдіс целлофанмен жасалатын қалың жағынды (Като әдісі) әдістің негізгі мақсаты: глицеринментүссіздендірілген және малахитті жасыл бояумен шамалы боялған нәжістің қалың жағындысында гельминттердің жұмыртқаларын табу. Като әдісі нативті жағындыға қарағанда нәжістің көбірек көлемін және едәуір тиімділікпен зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен аскарида , қылбас , таспа құрт, терматода және тениттердің жұмыртқаларын зерттеуге болады. Байыту әдәсі. Мұндай әдістер жұмыртқалар мен қолданылатын тұзды ерітінділердің меншікті салмағының айырмашылығына негізделген, соның нәтижесінде, олардың аз санын анықтауға болады. Егерде жұмыртқаның меншікті салмағы сұйықтың меншікті салмағынан жоғары болса, жұмыртқалар тұнбаға шоғырланады, одан жағынды дайындап микроскопта зертейді. Науқастан алынған басқа заттарды зерттеу әдістері арқылы зерттейді. Қанды филлярийдозға диагноз қою кезінде микрофилярийлерді табу үшін зерттейді. Кейде қан құрамында миграциялық сатыдағы бамсқанематодтар анықталады. Қаннан жағынды жасау және «қалың тамшы» әдісі филярийдоздарға диагноз қою үшін қолданылады. өйткені микрофилярийлер көбінесе қанда шоғырланады. Саусақтан асептикалық ережені сақтай отырып қан алады. Жағынды дайындау үшін әйнекше бетіне науқастан алынған қанды тамызады да , шеті жұмырланған әйнекшемен жағып шығады. Жағынды метил спиртімен фиксацияланып Романовский –Гимза әдісімен бояйды. Микроскопта көк түске боялған жіңішке, ирек жіпшелер тәріздес микрофилярилер табылады.
Бұлшық ет және дәнекерлік тіндер. Трихиниллез, цистицеркоз, ценуроз, эхиноккокоз , шистосомоз , гетерофиоз, және басқа гельминтоздарға диагноз қою кезінде зақымданған мүшелер мен тіндерден биопсиялық әдіспеналынған бөлшектері зерттеледі. Трихиниллез және филяриатоздарға диагноз қою үшін арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Дуоденальдық сұйықтықты өт және ұйқы безі түтікшелерінде, өт қуығында, ұлтабарда паразиттік тіршілік ететін гельминттердің личинкалары мен жұмыртқаларын табу мақсатында зерттейді. Құсық заттарда аскаридалар , зхиноккоктардың фрагменттері табылуы мүмкін. Қақырықты парагонимдер, шистосомалар жұмыртқаларын , нематодтардың миграцияланатын личинкаларын, эхиноккоктардың фрагменттерін табу үшін зерттейді. Науқастан алынған қақырықты түгелдей көзбен немесе лупамен қарап шығады. Тін бөлшектерін, тотық түсті жиынтықтарды іріктеп алып, микроскопта зерттейді.Тер. Теріден биоптат алып, ларваскопиялық зерттеу жүргізіп онхоцеркозга, терілік дипеталонематозға диагноз қоюда және де нематодтардың , шистосомалардың т.б. миграцияланушы личинкалары қоздырған жолақты дерматит типті тері зақымдануы кезінде қолданыладвы. Сыртқы орта объектілері де су, топырақ көкөніс, жеміс жидектер , ет , балық, шыбындар , зерттеуге алынған.