1. Асқорыту оның маңызы. Асқорыту жүйесінің қызметі. Ас қорыту типтері. Ас қорыту, оның маңызы



бет17/20
Дата13.12.2022
өлшемі2,35 Mb.
#56882
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
3 РК. Физиология жауап)

2. Өткізгіш бөлімі:
Иіс жүйке талшықтары торлы сүйекті тесіп өтіп алдыңғы мидың иіс пиязшасына жетеді (2 нейрон)  иіс трактысымен (traktusolfactorius) өтіп иіс сезу орталығына жетеді.
Иіс сезу жолы бірнеше будадан тұрады және алдыңғы мидың әртүрлі бөлімдеріне бағытталады: препириформды қыртысқа, алдыңғы иіс сезу ядросына, периамигдалярлық қыртысқа, миндальды кешеннің кейбір ядроларына, лимбия жүйесіне, гипоталамустың вегетативті ядроларына, ретикулярлы құрылымға.
3.Иіс сезу талдағышының орталық бөлімі – самай бөлімінің ішкі беті – гиппокамп.

22.Шартсыз рефлекстер мен инстиктер.Олардың организмнің бейімделу қабілетіне әсері.


Шартсыз рефлекс — тұрақты, сондықтан ол үйреншікті (адекватты) тітіркендіргішке (тамақ, жарық, жылылық және т.б.) мидағы белгілі рецепторлық алаң арқылы жауап беріп отырады. Шартсыз рефлекс көбінесе туғаннан қалыптасса, ал кейбірі өте кеш пайда болады (мысалы жыныс рефлекстері. И.П. Павлов оларды инстинкті шартсыз рефлекстер деп атаған.
Инстикт дегеніміз тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән,оның күйіне қарай немесе тап осы жадайға сәйкес жүзеге асырылатын,күрделі туа біткен мінез-құлығының жиынтығы. Оның сапалы ерекшеліктерін жануарлар түр-сипатының морфологиялық өзгешеліктерімен қатар жүйетоптастық белгісі ретінде пайдаланады.Инстикт әрбір жануарларда айтарлықтай тұрақты болады.Алайда бұл нақтылы жағдайларда барынша өзгеріп отырады.Дегенмен мінез-құлықтың табиғи құрамында түр сақтайтын және тұқым жалғастыратын эволюциялық дамудың барлық тәжірибесі сақталады.Әрине мұндай әрекет бағдарламасының қатаң шарттары өзгермейді және сыртқы кездейсоқ әсерлер ықпалынан да өзгере бермейді. Мінез-құлықты жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым этология деп аталады.Этологиялық тексерудің нәтижесінеде мінез-құлықтың ішкі қажеттілік арқасында пайда болатындығы дәлелденді. Инстинкт әсерленісі іске қосатын қозғағыш күш-сыртқы түрткілер. Әрбір қозғағыш стимул өзіне лайықты стереотиптік әрекеттерді қосады. Қозғағыш түрткілер жануарлар мінезіне ықтиярсыз әсер етеді.Сөйтіп оларды,еріксіз айқын инстинкті әрекет жасауына мәжбүр етеді.Бұл әуелі керекті қозғағыш жолды белсенді іздетеді және мінез-құлықтың тиімді тәсілін іріктеп алады. Сондықтан инстинкт мінездің іздеуші және аяқтаушы кезі болады. Орталық жүйке жүйесі іштегі үстемді талапқа сәйкес мінездің тиісті стереотиптік әрекеттердің жүзеге асырады. Мидың мінез құратын іс-әрекетті даярлық және атқарушы болып бөлінеді. Дасялық іс-әрекет көбінесе ішкі мұқтаждық сезімдері арқылы қадағаланады. Сондықтан оны сенсорлық немесе мотивациялық жүйе деп аталады. Атқарушы іс-әрекет көптеген арнамалы әсерленістерге байланысты боладыю Ол анықтап тану үшін қолдана алады. Сол себепті мұны танымдық немесе гностикалық жүйе деп атайды. Танымдық және сезімдік жүйелерде мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. Танымдық жүйе орталық жүйке жүйесінің арнайы бөлімдері,ал сезімдік жүйе мидың торлы құрылымы,лямблия жүйесі,таламустың арнамалы бөліктері арқылы қызмет атқарады.Даярлық және атқарушы іс-әрекет арасында туа біткен байлыныс болады. Мәселен,атқарушы әрекеттің кейбір түрі мейілді белсендіріп немесе тежер,организмнің сезініс өзгертіп отырады. Сонымен қатар әрбір драйв атқарушы іс-әрекетттің белгілі жүйелерін белсендіреді. Драйв-ашығу,шөлдеу,үрей,долылық т.б., ал оардың негізін түзетін жүйке іс-әрекеті драйвтық рефлекстер. Сонымен бірге оларға қарсы (антидрайв) рефлекстер болады. Барлық драйв-рефлекстердің негізін мотивация құрайды.

23. Шартты және шартсыз рефлекстердің салыстырмалы сипаттамасы. Щартты рефлекстердің түрлері. Адамда шартты қарашық рефлексінің тудыру әдісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет