1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400


Бояуы:Жоқ. Электронды микросурет Құрылысы/құрамы



бет23/69
Дата19.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#108435
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

Бояуы:Жоқ. Электронды микросурет
Құрылысы/құрамы: 
1) Трабекулярлы жіпше;
2) Микротүтікше;
3) Полисомалар;
4) Жасушалық мембрана;
5) Эндоплазмалық тор;
6) Митохондриялар;
7) Микрофиламенттер.
Құрылыс ерекшелігі: 
Гиалоплазма - бұл әр түрлі биополимерлерді: белоктарды, нуклеин
қышқылдарын, полисахаридтерді және т.б. қамтитын күрделі коллоидты
жүйе. Бұл жүйе зол тәрізді (сұйық) күйден гель тәрізді күйге және кері
айналуға қабілетті. Гиалоплазманың ұйымдасқан, реттелген көпкомпонентті
жүйесінде жекелеген аймақтар жағдайларға байланысты немесе
функционалды жағдай бойынша өзінің агрегаттық күйін өзгерте алады: көзге
құрылымсыз гиалоплазмада ақуыз молекулаларының әр түрлі фибриллярлы,
жіп тәрізді комплекстері пайда болып, ыдырауы мүмкін. Гиалоплазма
негізінен әртүрлі глобулярлы ақуыздардан тұрады, олар эукариотты
жасушадағы жалпы белок құрамының 20-25% құрайды.
Орналасуы: Цитоплазмада 





Қызметі: рибосомалар мен полирибосомалардың (полисомалардың)
қатысуымен нақты жасушалық қажеттіліктер үшін, белгілі бір жасушаның
тіршілігін сақтау және қамтамасыз ету үшін қажетті ақуыздар синтездеу
Препарат атауы: Жұлын түйінінің жасушаларындағы Голдьжи кешені
Бояуы; Осмий қышқылы. Х400
Құрылымдарының боялу ерекшелігі: Осмий ерітіндісімен боялғанда
кейбір жасушаларда бұл аппарат тор түріңде кездеседі де, олардың қуыстары
бір-бірімен байланысып жатады, ол кейде жеке (дикгиосома), кейде тұйір
денешіктер немесе орақ тәрізді болып келеді.
Құрамы/құрылысы: 
1-ядро мен ядрошық
2-цитоплазма
3-Гольджи кешені
Құрылысы ерекшелігі 
Ядро мен ядрошық- хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды.
Ядроның диаметрі - 3-10 мкм. Оның екі жарғақшадан тұратын қабығы бар.
Ядро жарғақшасының шұрықтары өте көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен
цитоплазма арасында заттардың белсенді тасымалы іске асады. Сыртқы
жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің
біртұтас жүйесін түзеді. Ядрошық-- домалақ келген тығыз денешік, оның
мөлшері 1—2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін және одан да көбірек шамаға өзгеруі
мүмкін. Ядрошықтың кұрамына РНҚ және белок енеді, РНҚ-синтезі жүреді.
Клетка бөлінген кезде ол жойылып кетеді.





Цитоплазма-. плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның ядросын
қоршап жатқан қоймалжың зат. Ол -динамикалық күрделі, көп қосымшалы
жасуша жүйесі, жасушаның метоболизмдік жұмысшы аппараты, онда негізгі
метаболизмдік процестер жүреді. Цитоплазмада цитоплазма, органеллалар
және тұрақсыз қосылыстарды ажыратады.
Гольджи кешені- бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты
5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған
органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа
шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет