1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



бет29/69
Дата19.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#108435
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

Препарат атауы: Нейросекреторлық жасушадағы митохондриялар.
Бояуы: Электронды микросуреті. Х77000.
Құрамы/құрылысы: 
1) Сыртқы митохондриялық мембрана;
2) Ішкі митохондриялық мембрана;
3) Митохондриялық қабыршақтар.
Құрылыс ерекшелігі: 
Митохондрияның қабырғасы екі мембранадан құралады: сыртқы жағы тегіс
беткейге ие, ал ішкі мембранасын кристалар құрайды.
Митохондрияның сыртқы мембранасы арқылы гиалоплазмадан
мембранааралық кеңістікте көптеген ұсақ және ірі молекулалар өтіп
отырады. Ол үшін мұндағы орналасқан белок молекулалары кең гидрофилді
каналдарды және сәйкес заттармен байланысатын мембраналық
рецепторларды қалыптастырады.
Митохондрияның ішкі мембранасы матрикске қарай қыртыстаркристалар
құрайды. Кристалардың бетінде ,пішіні саңырауқұлақтарға ұқсаған- дөңгелек
келген басы және қысқа аяқшаларынан тұратын элементарлы түйіршіктер
орналасады.
Митохондриялық матрикс- митохондрия қуысын толтыратын, жүзден
астам ферменттерге ие гомогенді және ұсақ түйіршікті, ортасында ДНҚ
молекуласының жіпшелері бар сұйық зат.





Орналасуы: Жасуша цитоплазмасының құрамында
Қызметі: органикалық заттарды және АДФ-ты фосфорландыру нәтежесінде
АТФ молекуласын синтездеу. Митохондрияның ДНҚ-сы мутацияға
ұшыраған жағдайда “митохондриялық аурулар” дамиды.
Атауы: Рибосома
Бояуы жок
Құрылыс ерекшілігі:
Рибосоманың құрлысы
а- кіші суббірлік
б- үлкен суббірлік
в- толық рибосома
Рибосома — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Нәруыздар
биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады. Рибосома тірі
организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан
10000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей.
Әрбір рибосома бір-бірімен байланысқан суббірліктер деп аталатын кіші (30S) және
ірі компоненттерден (50S) тұрады:
1.(30S) негізінен декодтау функциясына ие, сонымен қатар мРНҚ-мен байланысады
2.(50S) негізінен каталитикалық функцияға ие; сонымен қатар аминоацилденген
тРНҚ-мен байланысады.





Қызметі: Олар жасуша цитоплазмасындағы магний иондарының концентрациясына
байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып
(молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне
қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін
атқарады. Эндоплазмалық тордың жарғақшасындағы рибосомалардың бірнешеуі
бірігіп полирибосома құрайды. Олар жасуша жасуша тіршілігіне қажетті ақуызды
синтездейді. Рибосомадағы ферменттер, магний мен кальцийдің тұздары зат
айналым өзгерістеріне қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет