12- амниотикалық қабықтың эпителийі;
13- бастапқы түйін;
14-прехордальды қосымша;
15-Эмбрионнан тыс мезодерма;
16-Эмбрионнан тыс эктодерма;
17-Эмбрионнан тыс эндодерма;
18-Эмбриондық эктодерма;
19-Эмбриондық энтодерма;
Орналасуы: Эмбриондық дамудың екінші кезеңінде қалыптасатын ұрық-
гаструла.
Анықтама:Гаструлляция-көп жасушалы организмдердің ұрықтық дамуының
ерте кезеңдерінде жасушаларының күрделі орын ауыстыру-иммиграция арқылы
жүретін процесс.
Гаструляцияның екінші кезеңі дамудың 9 тәулігінде басталып, әсіресе, 3-
аптасында ұрықтық дискіде белсенді өтеді. Олардың ең маңызды нәтижесі –
біріншілік жолақ, үш ұрықтық жапырақшалар, хорда және нерв түтікшесі
қалыптасуы. Осы кезге дейін екі қабатты ұрықтық дискінің дорсальді бетінің
пішіні дөңгелек табақшаға ұқсап келсе, мұнан былай үш қабатты ұрықтың
краниальді (бас) бөлігі кеңейіп, каудальды (құйрық) бөлігі тарылады да, тұтас
алғанда краниокаудальды ұзарады. Қорыта келгенде гаструляцияның
нәтижесінде үш түрлі ұрық жапырақшалары қалыптасады: энтодерма,
мезодерма, эктодерма. Осы жапырақшалар ары қарайғы ұрықтың тіндері мен
ағзалар жүйесінің қалыптасуына бастама болады