1. Атомдық ядролардағы заттың тығыздығын бағалаңыз


«Ядролық реакциялар. Элементар бөлшектер» тақырыбы бойынша бақылау жұмысы үшін есептер



бет27/27
Дата17.04.2022
өлшемі1,11 Mb.
#31276
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
«Ядролық реакциялар. Элементар бөлшектер» тақырыбы бойынша бақылау жұмысы үшін есептер.

І

  1. Оттегі ядросын () α – бөлшек соғып, нейтрон бөле отырып ішінде қалып қояды. Реакциясын жазыңыз.

  2. Радиоактивті торий изотопының ядросы тізбектей α – ыдырау, екі β- - ыдырау және α – ыдыраудан кейін қандай изотопқа айналады?

  3. Жоғары энергетикалық оң мюон және электрон соқтығысқанда екі нейтрино бөлініп шығады. Реакцияны жазып, нейтриноның қандай түрі бөлініп шыққанын табу керек.

ІІ

  1. алюминийдің көміртегімен әсерлесу реакциясы кезінде α-бөлшек, нейтрон және қандай да бір изотоптың ядросы түзіледі. Осы ядродағы нейтрондар санын анықтау керек.

  2. таллий ядросы қорғасын ядросына айналуы үшін қанша β- - және α – бөлшек шығарады?

  3. Протон теріс мюонды қармау кезінде нейтрон және қандай да бір бөлшек бөлініп шығады. Реакцияны жазып, бөлшекті анықтаңыз.

ІІІ

  1. литий изотопы мен протонның әсерлесуі нәтижесінде екі бірдей бөлшек түзіледі және энергия бөлінеді. Протондар литий изотопының бір граммындағы ядромен әсерлессе бөлінетін энергия қандай және қандай бөлшек түзіледі?

  2. Радиоактивті радий изотопы төрт α–ыдырау және екі β- - ыдыраудан өтеді. Пайда болған ядроның 1) зарядтық санын; 2) массалық санын анықтау керек.

  3. - мезон тыныштық күйден екі γ – квантқа ыдырайды. Пионның тыныштық массасын 264,1me деп есептеп, әр γ– кванттың энергиясын анықтау керек.

ІV

  1. Мына ядролық реакцияның энергиясын анықтау керек:

  2. уран элементі алты α–ыдырау және үш β- - ыдыраудан кейін қандай элементке айналады?

  3. К+ - мезон тыныштық күйден екі пионға ыдырайды. Каонның тыныштық массасын 966,2me деп есептеп, әр пионның энергиясын анықтау керек.

V

  1. Мына ядролық реакцияның энергиясын анықтау керек:

  2. Магнийдің β- - ыдырауын жазыңыз.

3. Дейтондардың ықтимал температурада жылдамдықтары бірдей деп есептеп, дейтерий плазмасының ең минимум температурасын анықтау керек.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет