1 Аударма үдерісі жайында



бет6/20
Дата14.03.2023
өлшемі69,62 Kb.
#74052
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Шендестіре аудару (Антонимический перевод). Шендестіре аудару дегеніміз – түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрмен я, керісінше, болымсыз мағынаны болымды түрмен жеткізу. Мысалы: 1) Я серьезно говорю. – Мен ойнап айтып тұрған жоқпын. 2) Вспомнил я об этом, когда мы уже проехали почти весь парк. – Мен мұны бақтан өткенше есіме түсірмеппін. Болымдыны болымсыз түрмен жеткізуге мысал: Астронавты вернутся на землю не раньше, чем февраля. – Астронавтар ақпан болмай жерге оралмайды.
Компенсация (өтеу, орнын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және сол сөйлемнің ішінде емес, мәтіннің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Мұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.
3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған байланысты қосу тәсілі пайдаланылады. Мысалы: Слава народам Казахстана! – Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін! Решения сессии – в жизнь – Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.
Қосуға байланысты тағы бір байқалғаны – аударма мәтін оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауы. Мәселен, Олар Припятьке таяды деген сөйлемді осы тәсілмен Олар Припять өзеніне таяды деп беру ұтымды болуы мүмкін, өйткені қазақ оқырманы «Припятьтің» өзен, қала, әлде село екенін айыра алмауы ықтимал. Тағы бір мысал: Ол шіркеуге баратын күні келді. –Ол жексенбіде, шіркеуге баратын күні, келді (Христиандардың шіркеуге жексенбі күні баратынын қазақтың бәрі біле бермейді).
4. Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына-мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын, тым болмаса, нұқсан келтірмейтін сөздер түсіріліп тасталуы мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады. Мысалы, орыс тілінде «каждая минута времени», «в апреле месяце», «промышленная индустрия» сияқты тіркестер қолданылады, бұларды ыңғайына қарай, контексті есепке ала отырып, «әрбір минут», «сәуірде», «өнеркәсіп» деп аударуға да болады, өйткені минут сөзінің өзі уақытты білдіреді, ал «апрель» ай аты екені мәлім, «промышленность» пен «индустрия» сәйкес ұғымдарды береді.
Келесі бір кездесетін құбылыс – орыс тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрсету міндетті болмай қалады. Мысалы: Солдаты остановились у дома, хозяйн встретил их. – Солдаттар үй жанына келіп тоқтады, үй иесі қарсы алды.
Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың жалғау- лықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал орыс тілі синтаксисі үшін бұл – ұстанымдық қағидат. Сондықтан орыс тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады. Мысалы: Пошла ба и она влес, но детей не с кем оставить. – Ол да орманға барар еді, балаларды қалдырып кетер ешкім жоқ. Байқап отырғанымыздай, орыс тілінде қарсылықты мағына жалғаулық арқылы айқындалып тұр, ал қазақ тілінде жалғаулықсыз-ақ бұл мағына айқын көрініп тұр.
Қалай десек те, аударманың нәтижелі болуы аудармашының тілдік білімі, аялық білімі, контексті түйсінуі, филологиялық білім мен шығармашылық талантына байланысты болатыны даусыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет