1. Қазақ дәстүрлі әнші сазгерлердің шығармашылығы
Ақан сері қазақ ақыны, әнші және сазгер. Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері бар
Шәмші Қалдаяқов қазақ халқының әйгілі сазгері. Оының шығармалары: «Менің Қазақстаным», «Бақыт құшағында», «Ана туралы жыр», «Сыр сұлуы» және т.б.
2.Музыкалық-сахналық жанрлар. Опера. Балет
Опера— музыкалық өнер жанры.
Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әртүрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Мен білетін опера: Төлебаевтың БІРЖАН-САРА, Жұбанованың ЕҢЛІК-КЕБЕК.
Балет — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Балеттің негізгі элементтері халықтың музыка-би шығармаларымен тікелей байланыста туған. Қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман – Мамыр»
3. Домбыра өнеріндегі аспаптық дәстүрдің қалыптасуы
Домбыра — қазақтар, ноғайлар және қалмақтар мәдениетінде бар екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізген ұлы домбырашылардың бірі Құрманғазы. Оның «Сарыарқа» мен «Адай» секілді мәңгі өлмес туындыларын қазіргі кезде де баршаға белгілі. Керемет музыкант әрі композитор жазған 60-қа жуық күй осы күнге дейін сақталған.
4. Терме мен желдірме жайлы түсінік
Терме-термеде бір ғана нәрсе айтылмай, онда бірнеше мәселе қатар айтылып, өлең сөздің ауқымы кеңейе түспеді. Демек, термеде ортақ түйін болмайды. Түйін болмаған соң ой қорытылмайды. Осы жерде терменің мақсаты: Ұрпаққа терең тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру.
Желдірме - қазақтың халық музыкасы творчествосында речитативті түрде қалыптасқан ән жанрының бір түрі. Желдірменің мелодиялық өрісі негізінен бір немесе бірнеше рет қайталанып отыратын әуеннен тұрады. Әуені жылдам, жүрдек, қарқынды күйде басталып, соңы қоңыржай сазда аяқталады.
6. Құрманғазының күйшілік мектебі
Құрманғазы қалыптастырған күйшілік мектептің аса дарынды өкілі Дина Нұрпейісова – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр дәстүрін біріктірген, сондай-ақ, Құрманғазы мектебінің жігерлі екпінін, Дәулеткерей дәстүрінің фәлсәфасын, ақсүйектік нәзіктігін терең меңгерген күйші. Оның шығармашылығында Құрманғазы дәстүрінде басталған жанрлық және тақырыптық жаңашылдықтар жалғасын тапты.
7.Терме жанры
Терме сөзді айқын, анық жеткізуге лайық қысқа қайырылатын, жеңіл желдірмелі әуенмен (регитатив) айтылады. Терме, термелеп айту дегеннің өзі жырды - өлеңді жеңіл әуенмен айту, орындау тәсілін де көрсетеді. Термеде көбіне күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жәйттер сөз болады.Терме сөз бен әуен сабақтасып келгендіктен. Ол синкретті өнерге жатады. Сөздің мағынасы, әсерлілігі, ырғағы ширақ келуі қандай маңызды болса, әуеннің, аспаптық (домбыра) сүйемелдің де үлкен мәні бар.
8. Ұлы компазитор Дәулеткерей Шығайұлының музыкалық өнердің дауындағы шығармашылығы
Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді.
9. Толғау жанрына сипаттама беріңіз
Толғау – әдебиетте өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, әдебиетте жеке термин ретінде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар табиғи сипаты мен жүйелі оқиғасы бар жырға жақын, үндес келеді.
10. «Бозінген» күйінің аңызы
Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге, түнерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды. Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап береді. Осы қуғын ішінде қыр асып қана жайылып тұрған бозінген де кетеді. Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен жетекте бара жатып, өзінің артта қалған ақ ботасын қимай зар илеп боздап, тостағандай жанарынан жас сорғалайды. Осылайша зар илеп бара жатқан бозінген бір қолдан босай қалған орайда сытылып кейініне қашады. Қуғыншылар қанша қуғанымен жете алмай, ақыры күдер үзеді. Неше күндік жолды зар еңіреп ботасына жеткен інгеннің сүлдері қалған екен. Сонда боздап тұрған бота да інгеннің алдынан жүгіріп табысады.
11. Музыка және поэзияның байланысы
12. «Желмая» күйіндегі суреттелген көрініс
Қорқыт есейіп, бәсіре байланар жасқа келгенде Қыпшақ еліндегі нағашыларына барыпты. Нағашылары Қорқытқа «таутайлақтың» тұқымынан өркені түскен бота сыйлайды. Қорқыт ботаны нәрестедей мәпелеп, тіл-көзден қорғаштап, сылап-сипап өсіреді. Тірсегі бекіп, табаны қата келе бота Қорқыттың соңынан қалмай ілесіп, бір сәт көз жазса боздап мазасы кетеді екен. Тайлақ болып, танауы тесілген соң да не келеге қосылмай,
не бөтен адамды маңайына жолатпай, тек қана Қорқытқа бауыр басып өседі. Тайлақтан кейін құнанша, одан әрі буыршын болған шағында жүрісіне тұяқ біткен шыдамайтын, табаны мұздан таймайтын, жеті күн, жеті түн от оттап, су ішпесе, мыңқ етпейтін, тықыр бұйра Желмая болып шыға келеді.
Қорқыттың «Желмая» күйі осынау қанатты көлігіне, сенімді серігіне арналған екен.
13. Қазақ композиторларының тарихи опералары
14. Опера музыкалық сахналық өнер ретінде
15. Қазақ музыка мәдениетін таратушылар Еліміздегі күй мектептері қанша бағытқа бөлінеді?
16. Еліміздегі күй мектептері қанша бағытқа бөлінеді?
Қазіргі таңда еліміздегі күй мектептері жеті бағытқа бөлінеді: 7бағыт
Алтай күйшілік аймағы – Шығыс Қазақстан;
Арқа күйшілік аймағы – Орталық Қазақстан;
Жетісу күйшілік аймағы – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан;
Қаратау күйшілік аймағы – Оңтүстік Қазақстан;
Жиделі-Байсын күйшілік аймағы – Сырдария, Арал өңірі;
Орда күйшілік аймағы – Батыс Қазақстан;
Түбек күйшілік аймағы – Маңғыстау.
17. Құрманғазы мен Дәулеткерей күйлеріне талдау жасаңыз
Құрманғазы күйінде қаһарман сезімдер бой көрсеткен. Құрманғазы күйінде батырлық сезімдер суреттелген.
Даулеткерей күйінде осы өзіміздей-ақ пенденің бойынан табылатын кәдімгі адами мінездер, биязы сезімдер суреттеледі.
Құрманғазы мен Дәулеткерей соңына шығармашылық мол мұра қалдырған дарынды композиторлар ғана емес, олар өз шығармаларын шәкірттеріне үйрету арқылы бүкіл күйші- домбырашылар мектебін жасап кеткен ұлы ұстаздар.
18. Кәсіби музыкалық шығармаларда қолданылатын халық ән, күйлері
19. Қайым айтысты сипаттаңыз
Қайым айтыс - қайым өлең, қайымдасу – айтыстың бір шумақ өлеңмен қайырып отыратын шағын түрі.
“Қайыра айту”, “қайта жауаптасу” деген ұғымнан шыққан. Қайым айтыс көбіне қыз бен жігіттің қарама-қарсы мәндегі сұрақ-жауаптарына құрылады. Бұл шумақтардың алғашқы екі жолын қыз да,жігіт те қайталап айтуы мүмкін. Осы жайт алғашқы қайым айтыс үлгілерінің тым қарапайым, жанынан қосып айтуға жеңіл болып келетінін көрсетеді. Қайым айтыста әзіл-оспақ, шымшыма, астарлы сөздер қатар жүреді.
20. Эпостың қандай түрлері бар, айырмашылығы қандай?
Эпостың түрлеріне: шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді.
Шағын көлемдіге: миф, аңыз ертегісі, мысал, әңгіме,новелла, эссе
Орта көлемді : повесть, поэма
кең көлемді: роман, эпопея
21. Музыкалық өнердегі жанрлық жүйе Дәстүрлі қазақ музыкасының жанрларына талдау жасаңыз
22. «Той бастар» әніне сипаттама беріңіз Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т. б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту.
23. «Жар - жар» әніне сипаттама беріңіз
Жар-жар — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Ұзатылған қызбен қоштасатын бозбалалардың той үстіндегі айтылатын сағыныш сәлемдері, көбінесе жеке-жеке айтудан гөрі екі жаққа бөлініп көп дауыспен айтылады, бір жағы — күйеу, екінші жағы — қалыңдық. Немесе күйеулер жағы — еркектер тобы да, қалыңдық жағы
— әйелдер тобы. Жар-жардың бір ерекшелігі, өзге үйлену салт өлеңдеріне қарағанда, белгілі бір қалыпқа түскен сөзі мен әні болады, көпшілік жағдайда жұрт оны жаттап алып айтады. Күйеу жағы қуанышты, көтеріңкі әнмен айтса, қыздар тобы көбінесе мұңды, қайғылы үнмен айтады.
24. Төкпе күйлердің құрылымдық өзгешеліктері
Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді. Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бөлініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі орындаушылық мектептер құрайды.
25. Халық музыкасының жанрлары
Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Оның эпикалық жанрлары:
* жыр,
* толғау,
* терме,
* желдірме,
* лирикалық әндері,
* айтыс өнері,
26. Домбыраның тембрлік сипаттамасын көрсетіңіз
27. Дәстүрлі аспаптық музыкалық орындаушылық
28. «Наурыз» мерекесінде қандай жанрдағы әндер айтылады?
29. Діни ұғымдарға байланысты туған әндерді атаңдар?
Шаманизм – күнге, отқа табыну, иабиғат пен адамды қастерлеу. Монотеистік дін – ислам діні. Жаратушы құдайға сенушілік. Мұсылманшылық, имандылық, адамгершілік қағидалары.
Халықтың алғысы, қарғыс, оң және теріс бата беру, күн жайлату, жылан арбау, ауруды емдеу, жерлеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, тілден сақтану т.б. Діни ұғымдардың эпостық, халық әндеріндегі, олардың мазмұнындағы алатын орны.
30. Қазақтың күй өнері
Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Күй-қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы. Халық күйлерінің әуендік сипаты, көркемдік образы, философиялық ой тереңдігі, халықтың талғамы мен танымының ерекшелігін көрсетеді.
Күй - өте көне өнер, оның шығарма ретінде қалыптасуы ұлт емес, ұлыстық дәуірден бастау алады.
Күйдің ұлттық дәуірі деп Қазақ хандығы заманын айта аламыз, бұл жыраулық дәстүрдің салтанат құрған кезі, күйдің де ұлттық сипатқа лайық аспаптық шығармаға толық айналып болған кезеңі. Бұл кездегі күйлер -тарихи күйлер қатарына жатады, мұнда хандық мемлекеттің басынан өткерген салтанаты мен қайғысы баяндалады. Асан қайғының күйлері, қазақ пен ноғайдың айырылысқан трагедиясына шыққан толғау күйлер, көне жер-су аттарына бағышталған күйлер осы кезеңнің ескерткіштері.
31. Төкпе дәстүрінде күй орындау ерекшеліктері
Төкпе күйлер Батыс Қазақстанда орындалады. Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері – Құрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір және тағы басқалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді. Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бөлініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі орындаушылық мектептер құрайды. Мұндағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар. Мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің орындаушылық үрдістері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыстау өңірінің күйлері де өзіндік орындаушылық дәстүрімен айрықша құрылымдық, орындаушылық мәнерлерді байқатады.
32. Қарапайым шығармаларды орындаудағы сол қолдың пернелерді дұрыс басу, оң қолдың аспап ішектерін дұрыс шерту тәсілдерін айтып беріңіз
33. Төкпе күй мен шертпе күйдің сипаттамасы және айырмашылығы
Домбыра аспабында орындалатын күйлер негізгі екі топқа, төкпе күйлер мен шертпе күйлерге бөлінеді. Төкпе күйлер Батыс Қазақстанда, ал шертпе күйлер Арқа, Жетісу мен Қаратау өңірлерінде көп орындалады. Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері – Құрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір және тағы басқалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді. Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бөлініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі орындаушылық мектептер құрайды. Мұндағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар.
Шертпе күйлер ән негіздес өте сазды, кұрылысы шағындау болып келеді. Күй әуені екі ішекте кезек орындалып, көбінесе бірдауыстылығы басым болады. Бұл күйлердің ежелден қалыптасқан қағыс қағу, саусақ басу тәртібі бар. Шертпе күй мәнерінің көрнекті өкілдері – Байжігіт, Тәттімбет, Сүгір, Тоқа, Дайрабай, Баубек, Әбди, Төлеген және т.б. Шертпе күйлердің өзі мазмұндық, орындаушылық ерекшеліктеріне орай, бірнеше мектептерден тұрады. Олар Арқа, Қаратау, Жетісу, Алтай мектебі деп аталады.
34. Қазақтың халық әндерінің қандай жанрларын білесіздер?
арбау-байлау әндері – «Бәдік», «Күләпсін», «Жарапазан»;
үйлену тойларында айтысатын – «Жар-Жар» «Сыңсу» , «Тойбастар», «Беташар»;
нәрестенің дүниеге келуімен байланыстырылып айтылатын - «Бесік жыры» («Әлди бөпем», «Бала жұбату»); қайғы-қасрет, мұң-шер әндері – «Естірту», «Жоқтау»
35. «Бала жұбату», «Әлди-әлди» әндеріне сипаттама беріңіздер
Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді.
36. Бәдік әндерді қандай мақсаттарға пайдаланылған?
Бәдік - тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды емдеу мақсатында айтылған.
Бәдік “Көш-көш” деп басталып, “көш-көш” деп аяқталады.
ауру адамның дертін өлеңмен арбап, қуып шығуға тырысқан.
Бәдіктің мағынасы – емдеу, аластау.
37. ХІХ ғасырдағы қазақтың аса көрнекті компазиторы – Құрманғазы Сағырбаев
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. 1823 – қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші-композитор. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері бар.
38. Қазақстандағы музыкалық өнердің дамуына үлес қосқан компазитор – Тәттімбет
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 жыл, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, – 1862 жыл. қайтыс болған) — қазақ күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.
Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирикалық композитор.
Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйлері бар. Ол — «Қосбасар» , «Сарыжайлау», «Сарыөзен», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Бестөре», «Азамат», «Азына»,«Бозторғай», «Қорамжан», «Боз айғыр», «Ерке атан», «Ноғай-қазақ», «Керкиік», «Қашкан қалмақ», «Қаражорға», «Балбырауын»,«Жетім қыз», «Салкоңыр», «Көш жанаған», «Сарықамыс», «Шәйір қалды» т. б.
39. Қазақ халқының музыкалық ағартушылығында Абай Құнанбаев қандай роль атқарады?
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті.
Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі: олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі — мелодиялық, ырғақтың жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Абай әндері алғашында оның өз айналасына, ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақ арасына тарай бастады.
40. Домбыраның музыкалық бұрауының
тарихнамасы
41. Домбыраның түрлері және олардың сипаттамасы
Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде
* ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар , кең шанақты (екі нұсқасы),балдырған,балашық,шіңкілдек,аша,үш ішекті, қуыс мойын, шертер, оркестр домбыралары
Үш ішекті домбыра – қазақтың көне музыкалық аспабы. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған бұл аспап екі ішекті домбырадан да ерте жасалған. Аспап Шығыс Қазақстан аймағында кең тараған. Бұл домбыраны Абай, Шәкәрім секілді дана тұлғалар мен Шәкір Әбенов сынды халық ақындары да тартқан.
Сәбит Мұқановтың тұмар домбырасы. Тұмар домыраны Сәбитке оқудағы досы Темірхан Дыбысов сыйлаған. Домбыраның ерекшелігі шанағының үшбұрышты (тұмар) болып келуінде және өрнектерге өте бай болуында. Ағаштан жасалған, түсі сарғыш. Екі ішекті, 12 пернелі. Домбыраның алдыңғы жағына, екі жақтауына әртүрлі кескіндегі ұлттық ою-өрнектер түскен. Өрнектер түрлі-түсті: көк, жасыл, қызыл бояу араластырып жасалған.
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді.
42. Домбыраның дамуы және домбыраны зерттеу нәтижелері
Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз.
Шоқпарұлы, С.Ділманов, Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т.б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд».
Достарыңызбен бөлісу: |