2. Докторантураға қабылданатын үміткерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқуға қабылданушы қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының түрлі салаларында докторлық дәрежеге ізденуші ретінде ғылыми бейімділік қалыптастыратындай жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетуі қажет.
Сұрақтар кешені қазақ тілі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерінің ерекшеліктеріне сай тұжырымдалған. Оларды ашу оқуға түсушінің мынадай бағдарлардағы дайындық дәрежесін көрсетпек:
Оқуға қабылданушы қазақ тілі мен әдебиеттің жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеудің әдіс-тәсілдері, ғылым дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті үрдістері бойынша білім-пайымын таныта алуы қажет. Сонымен бірге тіл мен әдебиет саласында биік деңгейде зерттеулер жүргізуін, қазіргі әлемдегі ғылым, қоғам өмірі туралы тұтас түсінігін, талдаудың дәстүрлі жаңа әдістемелерін меңгеруін, жаңа идеялар шығару мен оны тарата алуын, аталған мамандық негізінде докторантурада дайындауға байланысты міндеттерді шешуге даярлығы мен шығармашылық бастамасын көрсете білуі шарт.
3. Білім беру бағдарламасының алғышарттары
AТDTN 5205 Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері», 3 кредит, ТTDTN 5103 Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, 3 кредит.
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәні
Қазақ тілі тарихын жүйелеу.
Пәннің мақсаты, міндеті, зерттелу жайы, нысаны. Қазақ тілі тарихи грамматикасының сипаттама граматикасынан ерекшелігі, салалары, басқа пәндермен байланысы.
Қазақ тілі дамуындағы негізгі кезеңдері.
Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің негізгі кезеңдерін жүйелеу. Зерттелуі және ғылыми көзқарастар. Көне қазақ тілі туралы.
Тарихи фонетиканың зерттеу объектісі, мақсаты, зерттелу тарихы.
Фонетикалық жүйенің негізгі ерекшеліктері. Қазақ тілінің фонетикалық сипатының өзгешелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |