Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясы.
Жыраулар мұрасының қазақ әдебиетінен алар орны. Жыраулардың толғауларындағы қазақ хандығының құрылуы, ел тағдырына қатысты деректер. Жыраулар поэзиясына қатысты зерттеулер мен ғылыми тұжырымдар.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ билері және қазақ әдебиеті.
Қазақ қоғамындағы билер институтының маңызы. Төле би Әлібекұлының, Қазыбек би Келдібекұлының, Әйтеке би Бәйбекұлының алқалы жиындарда, ел басына күн туған, шапқыншылығы мен жаугершілігі мол замандағы билік сөздері. Билердің кісілік, шығармашылық тұлғасын таныту мақсатында Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, А.Нысаналы, Ж.Дәдебаевтар жазған еңбектердің, Х.Сүйіншәлиев зерттеуінің мәні мен маңызын зерделеу.
XIX ғасырдағы сал-серілер.
Ән өлең. Өнерпаздық, сыршылдық ағым. ХІХ ғасырдағы сал-серілік өнер дамуының тарихи алғышарттары.
XIX ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері.
Сүйінбай Аронұлының айтыстары. Біржан-Сара айтысы туралы тұжырымдар. Шөже мен Кемпірбай айтысы.
Зар заман поэзиясы.
М.Әуезовтің зар заман поэзиясына қатысты ғылыми тұжырымдары. Шортанбайдың әдеби мұрасы. Дулат Бабатайұлының шығармашылық мұрасы. Мұрат Мөңкелының әдеби мұрасы туралы Х.Сүйіншәлиевтің, Қ.Сыдиықовтың пікірлері
Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия.
Махамбет өлеңдерінің көркемдік сипаты. Махамбет поэзиясындағы Исатай батыр тұлғасы.
XIX ғасырдағы бостандық күрес жырлары. Тарихи өлең. XIX ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын.Мәделіқожа, Майлықожа ақындардың ел мен жер тағдырына, Қоқан, Хиуа билешілеріне қарсы наразылық туындылары.
Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы. Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер. Шоқанның халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап зерттеудегі рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |