Сол сияқты, орыс тілінде
ид-у - ше-л етістіктері бір-бірімен супплетивтік формада. Бұл
сөздер, бір жағынап, аффикстер арқылы, екінші жағынан, екі басқа (екі түрлі)
түбірлерден құралу арқылы грамматикалық бірнеше қосалқы мағына білдіріп тұр.
Атап айтқанда,
у - флексия, I жақ, жекеше, осы шақ көрсеткіші;
л - аффикс (жұрнақ),
шақ (осы шақтың да, өткен шақтың да) көрсеткіші. Бұл екі сөздің (идумен шел)
супплетивті формаға жатқызылу себебі - екі түбірден құралған екі түрлі форманың
грамматикалық қосалқы мағынасының жақындығы. Бірақ супплетивизм сөз ішіндегі
дыбыс алмасуына (чередование) қатысты нәрсе емес.
Супплетивизм тіл атаулының бәріне бірдей тән құбылыс емес. Бірақ бұл - кейбір тілде
аса өнімді емес, өте сирек болса да, кездесіп отыратын тәсілдің бірі.
Кейбір индоевропа тілдерінде супплетивтік тәсіл сын есімнің кейбір шырайларын,
кейбір жіктеу есімдіктері мен көмекші етістіктер, кейбір зат есім формаларын жасауға
әсер етеді.
Мәселен, орысша
хорошо - лучше, ағылшынша
good-better, немісше
gut-besser,
французша
bien-mieux, сондай-ақ, орысша
много-больше, ағылшынша
many-more,
немісше
viel - mehr, французша
beaucoup – plus сөздеріндегі сын есім шырайлары
супплетивтік формалар
арқылы жасалып тұр.
Супплетивтік формалар ағылшын тілінде өте сирек кездеседі. Ағылшын тілінде
супплетивизмге мына тәрізді формалар жатқызылады:
be-am-is-was, орысшаға
аударсақ:
быть-я есть-он есть-был; go-went - идти-пошел; I me - я-меня т. б.
Неміс тілінде
sein етістігінің осы шақтық варианты-
bin (ist, sind), өткен шақтық
варианты-
war. Сонда
sein - bin - war супплетивтік формалар болғаны. Бұлар - таза
грамматикалық өзгешеліктер. Екінші сөзбен айтқанда,
bin мен
war sein етістігінің
шақтық формалары; жоғарыда орыс тілінен келтірілген
человек – люди сөздеріндегі
жекеше, көпше формалары өзгешеліктері тәрізді құбылыс.
Супплетивті формалар ертедегі латын тілінде салыстырмалы, таңдаулы шырай
(сравнительная, превосходная) көрсеткіші ретінде қолданылыпты. Мысалдар:
me-lior
(лучше)-
bonus (хороший) -
optimus (өтө жақсы);
major (больше) -
magnus (большой);
Достарыңызбен бөлісу: