1. Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен қосымшадан /түбір+жұрнақ, түбір+жалғау, түбір+жұрнақ+жалғау/-қосымшалы сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөздер, сөз тіркестерінен тұрады. Түбір



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.02.2023
өлшемі181,64 Kb.
#65635
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сөз құрамы және сөзжасам

minor (меньше) -parvus (малый); plus (более)-multus (мноғочисленный) т. б. 
Редупликация - латынның reduplicatio - қосарлау, қосарлану деген сөзі. 
Редупликация - синтетикалық тәсілдің бірі. Қазақ тілінде редупликацияны қос сөздер 
немесе сөздерді қосарлау тәсілі деп атайды. 
Қазақ лингвистері қос сөздерді қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер деп, ірі екі 
салаға бөледі. 
Қайталама қос сөздерге қора-қора (мал), мая-мая (шөп), бара-бара, айтып-айтып, 
сөйлеп-сөйлеп, үй-үйге, үй-үйден, сарт-сұрт, ап-ашық, қап-қара, қып-қызыл т. б. 
жатқызылады. 
Қосарлама қос сөздерге ата-ана, үлкен-кіші, ертелі-кешті, жиырма-отыз, ол-пұл, 
сүріне-жығыла, аума-төкпе, ілгері-кейін, алды-арты, іші-сырты т. б. жатқызылады. 
A. Ысқақовтың айтуынша, қазақ тілінде сөзді қайталау және қосарлау тәсілі-өзінше 
ерекшелігі мол құпарлы жүйе. Бұл жүйе бойынша сөзді қайталаудан я қосарлаудан 
белгілі-белгілі мағыналар туады, сөздің неше алуан жаңа формалары жасалады, олардың 
мағыналары түрленеді; бірақ лексикалық түсінігі өзгермейді, яғни жаңа сөз тумайды, сөз 
тек қана грамматикаланады; сөздерді қосарлап қолданудан туған күрделі сөздердің 
ішінде грамматикаланған да, лексикаланған да тіркестер болады. (А. Ысқақов. Қазіргі 
қазақ тілі.) 
Мына мысалдарды салыстырып көрелік: қызыл-қып-қызыл; қара-қап-қара
айтты-айтып-айтып жіберді; айтып-айтып тастады; айтып-айтып салды. 
Мұндағы өте қызыл, нағыз қызыл, шымқай қызыл, тым қара, жеріне жеткізіп айтты, 


батырып айтты, бұлтартпастай, орнынан тұрғызбастай айтып тастады деген 
тәрізді қосымша, күшейтпелі, тұжырымды мағына туғызушы редупликация, яғни сөзді 
қосарлау тәсілінің әсері. 
Қазақ тілінде сөзді қосарлау тәсілі жинақтылық, болжалдық, даралау, жіктеу, 
күшейту тәрізді алуан түрлі мағына туғызады. 
Тіл-тілде редупликация тәсілі - бір түбірді немесе негізгі бүтіндей не жартылай 
қайталау арқылы сөз жасау, сөз түрлендіру, сөз сипаттау формаларын, фразеологиялық 
единицаларды құрастыру амалының бірі. Бұған орыс тіліндегі мынандай мысалдар 
дәлел бола алады:еле-еле, синий-синий, ходил-ходил, крепко-накрепко, мало-помалу, 
честь-честью, рука об руку, плоть от плоти т. б. 
Орыс тілінде қос сөздерді грамматикалық қосарлаулар, еліктеуіш қосарлаулар
лексикалық қосарлаулар, стилистикалық қосарлаулар деп те бөледі. 
Мәселен, За теми деревнями леса, леса, леса; вот темный, темный сад; и ближе, 
ближе все звучал; зимы ждала природа т. б. 
Мұндағы леса, темный ближе, ждала-лексикалық қайталама қосарлаулар. 
Редупликация - бірсыпыра тілде сандық-мөлшерлік, жинақтық, көптік, коллективтік 
мағына білдіруші амалдың бірі. Мұндай жағдай - әсіресе индонезия, қытай, жапон, 
американ индеецтері, кейбір африкан тілдеріне тән құбылыс. 
Мәселен, индонезия тілінде orang (адам); orang-orang (адамдар); Kuda - ат; Kuda-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет