1 Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымды мақал мәтелдер


Мақал-мәтелдердің қыстырмалық қызметі



бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі452 Kb.
#13960
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1. Шадманова Дилфуза

2.2 Мақал-мәтелдердің қыстырмалық қызметі

Қыстырма сөз тiркесiнiң құрамы да, грамматикалық тұлғасы да әрқылы Бiрақ бұлардың барлығына ортақ заңдылық - әрқайсысы ,да сөйлем құрамында қалыптасып, қолданылу ерекшелiгiне қарай қыстырмаға айналғандар. Олардың көбiсiнің-ақ белгiлерi белгiлi бiр септiк жалғауында (қорыта келгенде, не дегенмен т.б.), жiктiк, тәуелдiк жалғауларында (несiн айтасың, бiр ғажабы) немесе предикативтiк тұлғада (солай бола тұрса да), адвербиалдық тұлғада (оның ұғымынша, соның айтуынша) келуi осы пiкiрдi дәлелдейдi

М.Томановтың пiкiрi бойынша қыстырмалардың кейбiрi ең әуелден-ақ, осы қызметте жұмсалып қалыптасты (мысалы: әрине, сiре т.б.) ден айта алатын болсақ, қыстырма сөз тiркесiнiң арасында мұндай құбылыс байқалмайды. Бiздiң байқауымызша, о баста сөйлем құрамында жұмсалмай, тек қыстырма қызметiнде қалыптасқан сөз тiркестерi жоқ. Қазiргi әдеби тiлiмiзде қыстырма қызметiнде жұмсалатын сөз тiркестерiнiң қайсысы да сөйлем құрамында жұмсалып, келе-келе қолдануына қарай интонациялық жағынан ерекшеленген Сөйтiп, қыстырма сөз тiркестерiнiң қалыптасу жолын сөйлем құрылысының даму, жүйелену тұрғысынан қарастырылғаны дұрыс деп есептелiнедi. Мұның өзi қыстырмалардың сөйлем құрамынан бөлiнбес синтаксистiк категория екендiгiн көрсетедi. Қазақ. тiлiндегi қыстырмалар шартты түрде морфологиялық құрамына қарай есiмдi және етiстiктi қыстырмалар болып бөлiнедi

1 .Есiмдi қыстырма сөздерге: көбiнесе, керiсiнше, мысалы, рас, расында, әлбетте, мүмкiн, қысқасы, ендеше, сiздiңше, бiздiңше, менiңше, бiрiншi (ден), екiншi (ден) т.б. жатқызуға болар едi.

2.Етiстiк тұлғалас қыстырма сөздерге: сөйтiп (солай етiп), өйткенi (олай еткенi), дегенмен, демек сияқты т.б. сөздердi жатқызуға болады. Сөз тiркестi қыстырмалардың құрылымдық сипаты төмендегiше ашылады:

1) Кейбiр сөз тiркестерi екi есiм сөздiң тiркесуiнен құалады. Мысалы: бiр ғажабы, сол дағдымен, сонан сон, не пайда т.б.

2) Кейбiр тiркестер есiм мен етiстiктiң құрамынан тұрады. Мысалы:

былайша айтқанда, несiн айтасың, жалпы алғанда, не қылғанмен, не дегенмен.

З) Тек қана етiстiк сөздерден тұратын сөз тiркестерi де кездеседi: сайып келгенде, қорыта келгенде т.б.

4) Шылау мен толық мағыналы сөздерден құралады: сонан сон, оның үстiне. Мұндай тiркестер сөз тiркестерiнен гөрi сөйлемнiң күрделi мүшелерiне, бiр ритмикалық топтың элементiне жақын болып келедi.

М.Томанов қыстырма сөз тiркестерiнiн құрамында белгiлi басыңқы сөздердiң ролi басым болатындығын атап көрсеткен. Есiмдерден құралған сөз тiркестерi көбiнде (пайда, салдар, жоқ, дағды, ғажап, т.б.) осылар тәрiздi абстракт сөздердiң айналасына топталып, осылардың жетегiнде болады. Етiстiк қыстырма сөз тiркестерiнiң басыңқы сыңары болып көбiнесе (айту, қою, алу, кел, де) етiстiктердiң жiктiк, шартты рай тұлғалары да кездеседi. Бiрақ, бұлар өте сирек қолданылады. Қыстырма сөз тiркестерiнiң құрамында қолданылатын сөздер сiлтеу, сұрау, белгiсiздiк есiмдiктерi кейбiр үстеу тұлғалы сөздер. Дегенмен, қыстырма сөз тiркестерiнiң құрамында жұмсалатын сөздер санаулы ғана. Бұл қыстырма қызметiнде сөз тiркестерiнiң барлығы бiрдей жұмсала алмайтындығы және олардың өзi қалыптасқан, тұрақталған болып келетiндiгi

Р.Сыздықова қыстырмалардың есiм түбiрлiлерiне зат есiм мен есiмдiктiң (не шара, амал қанша, амал не, амал нешiк, бiр жағы, бiр жағынан), есiм мен шылаудың (бақытымызға қарай, сорыма қарай, өкiнiшке орай), есiм мен үстеудiң (әлi есiмде, күнi бүгiн), есiм мен бейтарап сөздердiң (сөз жоқ, не керек), үстеу мен үстеудiң (ең алдымен, ең әуелi), сан есiм мен зат есiмнiң (бiрiншi жақтан, екiншi жақтан) тiркестерiнен жасалған қыстырмалар жатады.

Етiстiк түбiрлi қыстырмаларға есiм және үстеу мен етiстiктен (кiм бiледi, соры қайнағанда, шынын айтқанда, жалпы алғанда, бiр сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, жоғарыда айтқандай, т.б.) және етiстiк пен етiстiктен (көрiп отырсыз, қорыта айтқанда, қорыта келгенде, т. б.) жасалған қыстырмалар жатады.

Профессор Р. Сыздықова қыстырма сөз тiркестерiн тұрақталған түрлерi және жақтық, шақтық, жекеше-көпшелiк жағынан құбылмалы немесе басқа түсiндiрме сөздермен жойылып кете алатын тұрақсыз тiркес түрлерi болады,-деп қарастырады.

1) Тұрақты қыстырма сөз тiркестерiне: сөз жоқ, не шара, амал қанша, амал не, амал нешiк, не керек, ең алдымен, ең әуелi тәрiздiлер жатады.

2) Құбылмалы қыстырма сөз тiркестерiне: қорыта келсек (қорытып келгенде, қорыта айтсақ, қорыта айтсам, т.б.), сорыма қарай (сорыңа қарай, сорына қарай, сорымызға қарай), оның айтуынша (жұрттың айтуынша, сенiң айтуыңша, т.б.), өздерiңiзге мәлiм (бұрыннан өздерiңiзге мәлiм, өздерiңiзге мәлiм болар, т.б.), шынын айтқанда, (шынымды айтайын, шынын айтсақ, шынын айтса, шынымды айтсам, т.б.) жатады

Құрылысы сөз тiркестi қыстырмалар да, сөйлем құрылымды қыстырмалар да тұрақты тiркестерден немесе мақал-мәтелдерден жасалады. Тар ұғымда алынатын фразеологиялық единицалар мен мақал-мәтелдердiң арасында үлкен айырым бар. Мақал-мәтел фразеологиялық единицалардан өзiнiң сөз қолданыс мағыналық жағынан ерекшеленiп тұрады.

Қазақ тiлiндегi қыстырма сөздердiң құрылысы бiр сөзден, екi немесе одан да көп сөзден жасалады. Бiр сөздi қыстырманы сөз, құрылысы сөз тiркестi қыстырманы сөз тiркесi, сөйлем құрылымды қыстырмаларды қыстырма сөйлемдер ретiнде қарастырылады.

Мақал-мәтелдерден қазақк халқының ақыл-ойы мен даналық тапқырлығы танылады. Қай тiлде болмасын, мақал-мәтелдер тұрақты тiркестердiң аясында қарастырылады. Өйткенi, мақал-мәтелдердiң қалыптасуының өзi—тарихи құбылыс. Дегенмен, олардың тұрақты тiркестерден айырмасы бар, ол—мақал – мәтелдердiң құрамында енген сөздер өздерiнiң лексикалық мағынасын толық сақтап, сөйлем мүшесiне талдауға келетiндiгi.

Ұқсас жағы ондағы сөздердiң орын тәртiбiнiң тұрақтылығы мен сыртқы формасының бiрдейлiгiнде.

Демек, мақал-мәтел тұтасымен сөз тiркесiнiң сыңары, түйдегiмен сөйлем мүшесi қызметiнде жұмсалады. Сондай-ақ, мақал-мәтелдер сөйлемде оқшау сөз қызметiн де жұмсалатындығы тiлдiк деректер арқылы дәлелдi. Мақал-мәтелдердiң құрамындағы семантикалық, структуралық тұрақты бiр тұтас дүниеге айналған сөздердi синоним сөздермен алмастыруға көнбейдi. Мақал-мәтелдердiң сөйлемде қыстырма сөйлем болуының өзiндiк ерекшелiгi бар.

Бiрiншiден, мақал-мәтелдер көмекшi сөздердiң тiркесуi арқылы қыстырмалық қызметте жұмсалады. Мысалы: “Батпан құйрық, жол үстiнде не қылған жатқан құйрық”,-дегендей, бұл не қылған майқалаш? Артын күтейiк, -дестi олар (Қ.Әмiров). «Ер шекiспей, бекiспейдi» деген, шекiстiмсен жеңдiң деймiн,-дейдi iшiнен Қоңырқұлша,—мiне қолым (I.Есенберлин). «Ағашқа мәуе бiтсе, бәсең-бәсең» дегендей, төрт жылда төрт қара да табан ақы, маңдай терiмiз, тамағымыз бен киiмiмiзден артылмады (Ж.Жұмаханов).

Екiншiден, мақал-мәтелдер көмекшi сөздердiң тiркесуiнсiз қыстырмалар қызметiнде жұмсалады. Мысалы: «Жаман айтпай жақсы жоқ», егер адаса қалсаңыз, сонау көрiнген обалардың бiрiне қарай маңдай алыңыз да, тарта берiңiз (Ә.Әбiшев). «Байтал тұрсын, бас қайғы» , молдекеңнiң бес теңгелiк ақ шапаны да әркiмнiң қолында кеттi (С.Торайғыров). «Игiлiктiң ерте-кешi жоқ», жоспарыңызды қалдырып кетiңiз (Е.Мұстафин).

Қорыта айтқанда, қазақ тiл бiлiмiнде қыстырма сөйлемдер арнайы зерттелгенiмен, оның зерттеу нысаны ретiнде жай сөйлемдер немесе қыстырыңды сөйлемдер алынды. Мақал-мәтелдердiң сөйлемдегi қыстырма сөйлем ретiнде жұмсалуы, оның әртүрлi мағыналық реңктерi, негiзгi сөйлеммен мағыналық бiрлiкте жұмсалуы сөз болмаған.

Мақалдардан жасалған жай сөйлемдердiң мазмұны мен жасалуы тәсiлiнде өздерiне тән ерекшелiктерi-.бар. Олар бiр ғана тармақтан тұрса да, айтылмақшы болған пiкiр тиянақты түрде берiлiп, аз сөзбен көп мағына бiлдiредi дей келiп, А.Нұрмаханов мұндай мақалдардың етiстiктен болған баяндуыштары пiкiрдi аяқтап қана қоймай, модальдық реңк бiлдiретiндiгiн атап көрсетiп, мынадай мысалдар келтiредi:

Үндемеген үйдей пәледен құтылады. Азға қанағат қылмаған көптен құр қалады. Бiр кеміссіз сұлу болмас. Аманатқа қиянат болмас. Ер кадірін ел бiлер. Буындағы жара жүз күнде де кетпес.

Есiм баяндауышты жай сөйлем бөлып келген мақалдарға мысал: Піскен астың күйігі жаман

Мақал-мәтел синтаксисi жай сөйлем түрлерiне де онша бай емес. Әдеби тiлiмiзде кездесетiн атаулы, жақсыз сөйлемдер мұнда кездеспейдi. Мұндағы сөйлемдердiң көпшiлiгi белгiсiз жақты сөйлемдер болып келедi. Өйткенi мақал-мәтелдегi пiкiр нақтылы бiреуге арналып айтылмайды, көпшiлiкке, жалпыға арналған. Осы сияқты, жай сөйлемнiң мағыналық түрлерi де мұнда онша көп емес, тек хабарлы, бұйрықты сөйлемдер ғана бар деуге болады. Қолда бар материалдарға қарағанда, жай сөйлемнiң сұраулы, лептi түрлерi бiрдi-екiлi ғана болмаса, тiптi кездеспейдi және оның кездеспеуi табиғи да нәрсе. Өйткенi сұраулық, лептiк мағыналар мақал-мәтелдердiң атқаратын рөлiне, оньң жаратылысына тән қасиеттер емес.[6]


Мақал-мәтел сннтаксисiнде әдеби шығармалардың басқа жанрларында кездесетiн қыстырма, қаратпа сөздер де, оңашаланған, оқшауланған сөздер де, жалпылауыш сөздер де, төл сөз, сөйлеспелi сөйлем түрiнде келетiн сөйлемдер де болмайды және олардың болуы мумкiн емес. Жоғарыдағылар сияқты бұлар да мақал мен мәтелдiң жаратылысына үйлеспейтiндiгiн ғалым Т.Кордабаев баса көрсетедi.
Мақал-мәтел синтаксисiнде сөйлем мүшелерiнiң орналасуы бiр-бiрiмен синтаксистiк қарым-қатынасқа келу жақтарынан айтарлықтай өзгешелiктерi болмағанымен, сөз таптарының синтаксистiк қызметтерi мен олардың тұлғалануларында әдеттегiден бiраз өзгешелiктер де жок емес.
Қазiргi әдеби тiлiмiздегi сияқты мақал-мәтелдерде де бастауыш пен баяндауыш сөйлемнiң негiзi, оның ұйытқысы функциясында қолданылған. Баяндауыш қызметiнде есiм сөздер де, етiстiктер де қолданылғанымен, олардың формалық құбылыс аясы өте тар. Екiншiден, тiлiмiздiң қазiргi синтаксистiк құбылысында баяндауыш функциясындағы сөздерге қосылмайтын кейбiр қосымшалар мақал сөйлемдердiң баяндауышына қосылып келе бередi. Мақал-мәтел синтаксисiнде етiстiк екi-үш формалық құбылыстарда ғана қолданылады және негiзiнде. екiншi, үшiншi жақта, келер шақта айтылады.[7]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет