1 Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымды мақал мәтелдер


Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымды мақал



бет3/8
Дата06.01.2022
өлшемі452 Kb.
#13960
1   2   3   4   5   6   7   8
1 Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымды мақал

мәтелдер

    1. Мақал –мәтелдер туралы түсінік

Мақал-мәтел – аз сөзбен көп мағынаны, к­­­өп ұғымды, к­­­өп жайларды білдірудің ең жоғарғы шыңы. Мақал мен мәтелден орынсыз тұрған, басы артық бір сөзді я басқа бір қосымша дәнекерді табу мүмкін емес. Басы артық сөз түгіл, қайта көпшілік жағдайда, айтылуға тиісті, болып тұрған сөздерді өздері егер оны айтпаудан ұғымға ауырлық келмейтіндей болса оны мағынасы контекст арқылы байқаларлықтай болса, ондай сөздер әдейі түсіріліп, сөйлем ықшамдалып айтылады. Мысалы: Қой өрісі қорадан. Құс баласы қырымға, ит баласы жырымға. Ит тойған жеріне, ер тұрған жеріне. Ер елінде, гүл жерінде. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Қарманған қарап қалмас. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Өзі тоймағаннан сарқыт сұрама,- деген мысалдардың толық түрлері мынадай: Қой өрісі қорадан басталады. Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға қарайды. Ит тойған жеріне барады (аңсайды). Ер туған жеріне барады(аңсайды). Ер елінде гүлдейді, гүл жерінде гүлдейді. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл тәрізді. Қарманған адам қарап қалмайды. Қолы қимылдаған адамның аузы қимылдайды. Өзі тоймаған кісіден сарқыт сұрама.

Сөйтіп, алдыңғы мысалда басталады, қарайды, барады, гүлдейді, тәрізді адам, кісі деген сөздер айтылмай түсіріліп қалдырылған. Бірақ олардың мағыналары контекстің айқын, байқалып тұрғандықтан, сөйлемнің ұғымына ешқандай нұқсан келіп тұрған жоқ.

Бұл айтылған жағдайлар мақал-мәтел синтаксисинің құрылысына елеулі әсерін тигізіп, оны әдеби шығармалардың басқа жанрларынан біраз ерекшелендіріп тұратыны анық.

Ғалым Т.Қордабаев мақал-мәтелдердің синтаксисін арнайы зерттеуді

мақсат етіп, мақал-мәтелдерді құрылысына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем құралымды мақал-мәтелдер деп, олардың синтаксисіне жеке-жеке тоқталады.[3]

Жай сөйлем құрылымды мақал-мәтелдердің синтаксистік ерекшеліктері. Сөйлем түріндегі кейбір фразеологизмдердің құрамындағы сыңарлары өздерінің мағыналық дербестігін бүтіндей жоғалтпаған. Мұндай фразеологизмдердің қатарына негізінен мақал-мәтелдерді жатқызуға болады. Тілдегі мақал – мәтелдер де тұрақты тіркестерге жатады. Бірақ барынша тар ұғымда алынатын фразеологиялық бірліктер мен мақал мәтелдердің арасында үлкен айырым бар. Мақал мен мәтел фразеологиялық бірліктен өзінің сөз қолданысы мағыналық жағынан ерекшеленіп тұрады. Ішкі мазмұны, сыртқы түрі жағынан, яғни өзінің семантикалық, грамматикасы құрылысы жағынан мақал-мәтелдің фразеологиялық бірліктен елеулі айырмашылығы бар. Фразеологиялық бірлікке кейбір ұқсастықтары бола тұрса да, мақал-мәтел сөз саптаудың дербес түрі болып есептеледі. Демек, оларды4 өздеріне тән лексика-семантикалық, грамматика-стильдік ерекше (релеванттық) белгілері бар. Сол фразеолоиялық бірліктердің бір саласы фразеологиялық түйдекке тән белгілері қысқаша былай тұжырымдауға болады: фразеологиялық түйдек құрамындағы элементтері іштей кірігіп, жеке компоненттердің семантикасына тікелей қатысы жоқ, тұтасқан біртұтас мағына береді; фразеологиялық түйдектің едәуір бөлігі көбіне, екі-үш элементтен тұрады; фразеологиялық түйдек акцентуация жағынан біркелкі келеді. Бұл топтағы фразеологиялық бірліктердің басым көпшілігі, әсіресе екі компоненттісі, интонациялық бірлікте болады да, бір-ақ екпінге бағынады.

Белгілі бір фразеологизмнің (көбіне, фразеологиялық тіркестің) мғынасы сыртқы тұлғаға мүлдем қалыс деуге болмайды. Фразологиялық бірлік пен мақал-мәтел бір-бірінен өздерінің мазмұны жағынан да, сыртқы тұлғасы жағынан да сараланып тұрады. Мазмұны жығанан мақал мен мәтел атаулының дені игі қасиеттерге үндеу, уағыз - өсиет сипатында болатыны мәлім. Мақал мәтел нақылға, жөн сілтеуге ойысса, фразеологиялық бірліктер тек атауыш - бейнелеу мәнде келеді. Осы себепті де, мақал мен мәтел синтаксистік жағынан фразеологиялық бірлікке қарағанда, анағұрлым күрделі. Мақал-мақал қаншалықты ауыс мағынада қолданылғанымен, құрамындағы сөздерi өзiнiң негiзгi лексикалық мағыналарынан айырылып қалу қасиетi бөлек. Синтаксистiк негiзгi единица болып — табылатын жай сөйлем мақал-мәтелде де қазiргi әдеби тiлiмiздегi тәрiздес құрамда кездеседi. Басқаша айтқанда, Шабан үйрек бұрын ұшар. Ел iшi алтын бесік. Еңбек түбі - береке, көптiң түбі — мереке. Қарманған қарап қалмас, Көз қорқақ, қол батыр. Шапқан озар, жатқан қалар. Iздеген табады, сұраған алады. Еңбек ширатады, өмір үйретедi — дегендер тәрiздес жалаң сөйлем түрiнде де, Дихан жерiн мақтайды. Балықшы көлін мақтайды. Кәсіпқор кенін мақтайды. Егiннiң жайын еккен білер, арбаның жайын жеккен бiлер. Ұры жете алмайтын жаяудiкiн алады. Меп құдайдың ала танасын ұрлаппын ба? Жарлының байда тоқтылы қой ақысы кетіпті— деген терiздес жайылма сөйлем түрiнде де кездеседi.[4;5]

Мақал-мәтел синтаксисiнiң бiр ерекшелiгi — сейлемдегi сөздер (сейлем мүшелерi) санының мейлiнше аз, сөйлемнiң өте ықшамды болатындығында. Бұлардағы жай сөйлемнiң негiзгi түрi және өте жиi ұшырайтын түрi — үш я төрт мүшеден құралған сөйлемдер. Төрт мүшеден артық мушесi бар сөйлемдер өте сирек кездеседi.

Мақалдардан жасалған жай сөйлемдердiң мазмұны мен жасалуы тәсiлiнде өздерiне тән ерекшелiктерi-.бар. Олар бiр ғана тармақтан тұрса да, айтылмақшы болған пiкiр тиянақты түрде берiлiп, аз сөзбен көп мағына бiлдiредi дей келiп, А.Нұрмаханов мұндай мақалдардың етiстiктен болған баяндуыштары пiкiрдi аяқтап қана қоймай, модальдық реңк бiлдiретiндiгiн атап көрсетiп, мынадай мысалдар келтiредi:

Үндемеген үйдей пәледен құтылады. Азға қанағат қылмаған көптен құр қалады. Бiр кеміссіз сұлу болмас. Аманатқа қиянат болмас. Ер кадірін ел бiлер. Буындағы жара жүз күнде де кетпес.

Есiм баяндауышты жай сөйлем бөлып келген мақалдарға мысал: Піскен астың күйігі жаман

Мақал-мәтел синтаксисi жай сөйлем түрлерiне де онша бай емес. Әдеби тiлiмiзде кездесетiн атаулы, жақсыз сөйлемдер мұнда кездеспейдi. Мұндағы сөйлемдердiң көпшiлiгi белгiсiз жақты сөйлемдер болып келедi. Өйткенi мақал-мәтелдегi пiкiр нақтылы бiреуге арналып айтылмайды, көпшiлiкке, жалпыға арналған. Осы сияқты, жай сөйлемнiң мағыналық түрлерi де мұнда онша көп емес, тек хабарлы, бұйрықты сөйлемдер ғана бар деуге болады. Қолда бар материалдарға қарағанда, жай сөйлемнiң сұраулы, лептi түрлерi бiрдi-екiлi ғана болмаса, тiптi кездеспейдi және оның кездеспеуi табиғи да нәрсе. Өйткенi сұраулық, лептiк мағыналар мақал-мәтелдердiң атқаратын рөлiне, оньң жаратылысына тән қасиеттер емес.[6]


Мақал-мәтел сннтаксисiнде әдеби шығармалардың басқа жанрларында кездесетiн қыстырма, қаратпа сөздер де, оңашаланған, оқшауланған сөздер де, жалпылауыш сөздер де, төл сөз, сөйлеспелi сөйлем түрiнде келетiн сөйлемдер де болмайды және олардың болуы мумкiн емес. Жоғарыдағылар сияқты бұлар да мақал мен мәтелдiң жаратылысына үйлеспейтiндiгiн ғалым Т.Кордабаев баса көрсетедi.
Мақал-мәтел синтаксисiнде сөйлем мүшелерiнiң орналасуы бiр-бiрiмен синтаксистiк қарым-қатынасқа келу жақтарынан айтарлықтай өзгешелiктерi болмағанымен, сөз таптарының синтаксистiк қызметтерi мен олардың тұлғалануларында әдеттегiден бiраз өзгешелiктер де жок емес.
Қазiргi әдеби тiлiмiздегi сияқты мақал-мәтелдерде де бастауыш пен баяндауыш сөйлемнiң негiзi, оның ұйытқысы функциясында қолданылған. Баяндауыш қызметiнде есiм сөздер де, етiстiктер де қолданылғанымен, олардың формалық құбылыс аясы өте тар. Екiншiден, тiлiмiздiң қазiргi синтаксистiк құбылысында баяндауыш функциясындағы сөздерге қосылмайтын кейбiр қосымшалар мақал сөйлемдердiң баяндауышына қосылып келе бередi. Мақал-мәтел синтаксисiнде етiстiк екi-үш формалық құбылыстарда ғана қолданылады және негiзiнде. екiншi, үшiншi жақта, келер шақта айтылады.[7]

Баяндауыш қызметiнде қолданылатын етiстiк турлерi мыналар:

1. Етiстiктен болған баяндауыш бұйрьқ райдың екіншi жақ анайы турiнде өте жиi кездеседi. Кей жағдайда үшiншi жақтық бұйрық райлы етiстiктер де кездеседi.

Туған жерге туы тiк. Қайраңы жоқ көлден без. Қайырымы жоқ еден без. Есiң барда ел тап. Есің барда етек жап. Қайратың барда мал тап. Тек жүргенше, тегін iсте. Жүйесін тауып жұмыс қыл. Жерін тауып тыныс қыл. Шыдамды еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой. Күшіңе сенбе, ісіңе сен. Еңбек ет те, елге жет. Кезі келсе, кетпен шап, майрылмаса, қайрылсын. Сыртың сайлы болғанша, iшің майлы болсын. Ер өнерімен мақтансын.

2. Баяндауыш қызметiнде етiстiк -ар, ер, -р, -с жұрнақты есiмше формасында да өте жиi кездеседi.

Еңбек мұратка жеткізер, жалқаулық абыройды кеткiзер. Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырмас. Жекен жерiнде көгерер, ер елінде көгерер. Қой көрмеген қой көрсе қуалап жүріп өлтiрер, ұл көрмеген ұл көрсе, уалап жүріп өлтірер. Қойға коңырау жараспас. Жақсылық суға батпас, 6iр шығар, тегін жатпас. Шетте журiп жалығарсың, өз елiңді сағынарсың. Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз.

3. Баяндауыш -а, -е, -й жұрнақты көсемшенiң екiншi, әсiресе үшiншi жақта айтылған түрiнде өте жиi кездеседi.

Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды. Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейдi. Есі бүтін елден іздейдi. Етікті нәл сақтайды, ерді ел сақтайды. Еңбексіз іс бiтпейдi, еріншектің қолы жетпейді.. Iздеген табады, сұраған алады.

4. Есiм сөздерден, әсiресе сын есiм мен зат есiмнен болған баяндауыштар өте жиi ұшырайды. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Отан оттан да ыстық. Туған ердің жері де көрктi, елі де сүйікті. Бақа – көлінде патша, балық - суында патша, жігіт - елінде патша. Бейнет, бейнет түбі - зейнет. Рахаттың түбі кейіс, бейнеттің түбі - кейіс. Кім еңбек етсе, сол - тоқ.

Ерте тұрған жiгiттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. Көз - қорқақ, қол - батыр. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәттi. Көп еңбегі көңілді. Кiсi аты тершең, кiсі киiмi кіршең.

Мақал, әсiресе мәтел сөйлемдерде баяндауыш болуға тиiс етiстiк айтылмай, түсiрiлiп калдырылады да, баяндауыштың қызметтi септiк жалғаулы зат есiм атқарып тұратыны жиi кездеседi. Адам аласы iшінде, мал аласы сыртында. Қазы хан қасында, Қараша жар басында. Адамның күні адаммен. Жаман ұста жанынан, Сабақтың ине сәтімен. Күш бірлiкте. Сүт тасыса жиегiнде, ер тасыса еліне. Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең iшiнде. Ерлік білекте емес, жүрек-те. Бөрі мен ер азығы жолында. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Жалаң аттың жанымен, жалаң қылыш жүзiмен. Құс қарағына, ер жарағына.

5. Баяндауыш қызметiнде жиi қолданылатын сөздердiң тағы бiр түрi - бар, жоқ деген сөздер.

Кiсі болар баланың кiсiменен iсі бар, кiсі болмас баланың кiсіменен несі бар. Арамдықтан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ. Тауық құсқа ұшу жоқ, там үйлерге көшу жоқ. Өнерлiге өлім жоқ. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнiң жоқ. Алмақтың да салмағы бар. Ұлы сөзде ұят жоқ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Ауызына әлі жетпегеннiң қолында масқарасы бар.

6. Есiмшенiң тәуелдi формада тұрып сөйлемнiң баяндауышы қызметiн аткаруы — казiргi әдеби тiлiмiзге тән қасиет емес. Сонда да мұндай тiлдiк құбылыс мақал-мәтел синтаксисiнде кездесiп қалады.[8;9]



Ер жiгiттің екі сөйлегені — өлгенi, еменнiң иілгені — сынғаны. Партия айтса, болғаны, жеңістің қолға қонғаны. Ер — ырыстың қорғаны.

Тiлiмiзде кездесетiн бастауыштардыц барлық түрлерi бiрдей мақал - мәтелдерде кездесе бермейдi. Бұл жағдай, әсiресе баяндауышы екiншi жақта айтылатын сөйлемдер, бастауышы жоқ жалпылама жақты сөйлемдер көп кездеседi:



Малды бақсаң, қойды бақ, май кетпейді шарадан. Ит асырасаң сыртыннан, қой бермсейдi қорадан. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елiнде ұлтан бол. Өзге елге ұл болғанша, өз елiңе құл бол. Еңбек қылсаң ерiнбей, тояды қарның тiленбей. Бай қасына барып көр, бакыр болмасаң маған кел. Хан қасына барып көр, басың қатпаса, маған кел. Жiгіттің түсін айтпа, iсiн айт. Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай.

Бастауыш функциясында қолданылуға тиiстi зат есiм айтылмай, түсiрiлiп, анықтауыш болуға тиiс есiмше немесе сын есiм атқарады.



Жаман жасаққа жарамайды, желiнсау қосаққа жарамайды. Ұқыпты етегiн жабады, ұқыпсыз ұятын табады. Бір еңбек өткен — екі етеді, екі өткен — әдет етеді. Қорқақ көленкесiнен де қорқады. Табанды тауды жығады, тайсалмаған жауды жығады. Келген – дәулет, кеткен - бейнет. Еңбектің көзін тапқан - байлықтың өзiн табады. Көп iстеген — құп iстейдi. Айрылған азады, косылған озады. Көптеген жау алады. Көмектескен дау алады. Күшенген жеңбейді, күшi көп жеңедi. Көрмес - түйенi де көрмес. Ұзынсыз қысқа болмас, үлгісіз ұста болмас. Қолынан келген қонышынан басады. Саусағы ұзын бишi болар, құлағы ұзын куйші болар. Алтынды бiлмеген ірiтер, терiнi илей білмеген шірітер.

Бастауыш пен баяндауыштың синтаксистiк қатынасында басқа да әдеби шығармаларда кездесетiн қатынастардан ерекше ауыз толтырып айтарлықтай өзгешелiк жоқ. Мұнда да бастауыш пен баяндауыш бiр-бiрiмен қиыса, жақтаса байланысып тұрады. Мақал-мәтелдерде, әсiресе мәтелде сөйлем септiк жалғаулы зат есiмге аяқталып, интонациялық жағынан тиянақты, мазмұны жағынан бiр бүтiн сөйлем болып келе бередi.



Қой өрісі қорадан. Адамның күнi адаммен. Са6ақты ине сәтiмен. Адам аласы iшiнде, мал аласы сыртында. Құс баласы қырымға, ит баласы жырымға. Iсмердiң байлығы қолында, кемеңгердің байлығы жолында — деген мақал— мәтелдерде бұларда қалыпты толық сөйлемдерде болатын предикативтiк сипаттар жоқ. Бұл арадағы предикативтiк сипат ерекше. Тiлiмiзде толымсыз сөйлем деп аталатын сөйлемдердiң де барлығын және олардың әр түрлi сөз табына, әр түрлi тұлғалы сөздерге аяқтала беретiнiн де естен шығармаған жөн. Мiне, осы жайларды ескерсек және Адам аласы iшiнде, мал аласы сыртында деген тәрiздiлердiң интонациялық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақты, толық сөйлемдiк қасиетке ие.

Сонымен, бастауыш пен баяндауыш арасында болатын қиыса, шақтаса байланысулар талданып өткен сөйлемдердiң бастауышы арасында болмайды.

Ендiгi 6iр тоқталтын нәрсе - сөз болып отырған екi мүшенiң орын тәртібіне байланысты. Құылысы, құрамына енген сөздердің орналасу тәртiбi жағынан алғанда, мақал мен мәтелдi поэзия мен проза аралығындағы аралық категориялеуге болар едi. Өйткенi мақал-мәтелдердiң құрылысында поэзияға тән кейбiр қасиеттер де, прозаға ұқсас қасиеттер де бар. Бұлардың құрылысындағы поэзияға ұқсастық қасиеттер - екi я одан да артық жолдан құралатын түрлерiнде әр жолдың буын саны, үйлесiм, ырғағы бiрыңғай, бiртектес болып келетiндiгiнде ғана. Бұлардан басқа белгiлердiң барлығы да мақал мен мәтелдi поэзиядан бөлетiн, оны прозаға жақындастыратын белгiлер. Осыларға лайықты мақал-мәтел сөйлемдердегi бастауыш пен баяндауыштың орын тәртiбiнде екi жақтылық бар: оның бiрi - поэзиядағы сияқты өз бастауышын өзi меңгерiп тұрған мүшелерден бұрын да айтылуы болса, екiншiсi - прозалык шығармалардағы сияқты баяндауыштың сөйлем соңында келуi. Бұл екеуiнiң алғашқысынан гөрi соңғы түрi — әлдеқайда басым. Бастауыштың өз жетегiндегi сөзден немесе өз бастауышынан бұрын айтылуы - үйлесiм қуушылықтан, я болмаса баяндауыш болып тұрған сөздiң мағынасына ерекше мән беру мақсатымен инверсиялаудан туып отырады.

Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат - ит арба. Көп сөйлейдi залым би, аз сөйлейді әдiл би. Кедейдiң келдi заманы, құрыды байдың ажалы. Қазарсың арықты, көрерсiң жарықты. Пышақ болмас жетесiз, өзi болған жiгіттің, тегiн сұрап не етесіз. Ер басында дау келсе, ерлігі кетер басынан, би басына дау келсе, билігi кетер басынан. Өлсем мейлi корiне, бiр шығайын төрiне. Қылышыңды жауға шаппасаң жүзі тиер өзіңе, ұшы тиер көзiңе.[10;11;12]

Мақал-мәтел синтаксисiнде тұрлаусыз мүшелердiң қай түрi болса да кездеседi, бiрақ олардың қолданылу шамасы бiркелкi емес. Анықтауыш пен толықтауышқа қарағанда, сөйлемнiң пысықтауыш мүшесi сирек кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет