1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы



бет40/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Байланысты:
Сессия аза стан тарихы (4)

66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.




Жауабы :
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылы 19 шілдеде ( 1тамызда ) басталды . Ресей соғысқа дайындықсыз , əскери өнеркəсіптік əлуеті төмен , көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті , армия əскери техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді . Соғыс басталған соң жалпы империяда , ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте - бірте кеми берді .
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға əкеп соқты . Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады . Ол құнарлы жер көп болған , егіншілікпен оны жақсы меңгерген жəне орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тəжірибе алған халық айналысқан аудандарда бəрінен де жақсы дамыды . Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді . Ең алдымен , ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды . Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына əкеп соқты . Ұсақ мал көбірек , ал ірі мал азырақ өсіріле бастады .Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жайылымдық алаптарды одан əрі тартып алу салдарынан зардап шекті
. Бұл мал санының азаюына əсер етті . Қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистік үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылықтар құрыла бастады . Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық - ауық өткізіліп тұратын реквизиция да əсер етті . Патша өкіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті халықтан түйе , жылқы , сиыр , жинады . Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттері үшін мəжбүрлеу тəртібімен ет беруге болғандығынан орын алды . Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді . Осының салдарынан соғыс тапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын . 1916 жылғы көтеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды , оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті . Көтеріліске қатысқан - қатыспағанына қарамастан Солардың мүлкі артып алынды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет