1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы жəне негізгі кезеңдері



бет41/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Байланысты:
Сессия аза стан тарихы (4)

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы жəне негізгі кезеңдері.




Жауабы:
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.
Дата : шілде 1916 — ақпан 1917
Орын Ресей империясының Орта Азиялық иеліктері
Себеп Жер реформасы жəне жергілікті тұрғындарды жерінен айырған қоныс аудару саясаты, майдан қажеттіліктеріне жергілікті халықтан мал басын мəжбүрлеп жаппай реквизициялау (арзанға), салықтарды көбейту, байырғы мұсылман халқының тыл жұмыстарына қатысудан бас тартуы, жергілікті дегдарлардың Ресейге қарсы саясаты, қоныс аударушылардың жергілікті тұрғындарды ығыстыруы.
Нəтиже Көтеріліс басылды
Көтерілістің шығу себебі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты жəне т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің жəне ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа жəне етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың əйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.
  1. «Алаш» қозғалысы жəне ұлттық мемлекет идеясы.


Жауабы :
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы қазақ елінің өзін-өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті.


Алаш қозғалысының негізгі идея­сы сөзсіз еркіндік пен да­му­дың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын.


«Алаш» партиясының бағдар­ламасында ұлттық мемлекет туралы тікелей сөздер жоқ. Алайда, онда ұлттық мемлекетті басқарудың құрылымы мен сипатына байла­нысты бірнеше принципті қағи­далар бар. Оны«Мемлекет қалпы» (мемлекеттік құрылым-Ә.Б.), «Жергілікті бостандық» және «Билік һәм сот» деп аталатын бірінші, екінші және бесінші тарау-лардан байқау қиын емес.


69.ХIX ғасырдақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың зерттеуі. Қазақстандағы экспедициялар.


ың бірінші жартысындағы ҚазҚазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.


1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды.
Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет