Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы жəне ауыр зардаптары.
Жауабы; Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ə.Назарбаев: ...20-шы жылдары басталған Қызыл қудалау науқаны, 30-шы, 40-шы жылдар, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып келсіреген қараниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді,- деп көрсетті. Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930жылдар бойына халық жауларымен үзіліссіз күресте жетілдіріп отырды. Əсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдар үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық əрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды жоспарлы түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930ж ортасында саяси репрессия орталықтағы жəне жергілікті жердегі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі жəне айқын əлеуетті тобына жүргізілсе, 1937ж террор тоталдық сипат алды. Қазақстандықтардың саяси қуғын сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми жəне практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мəні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді. Осындай зобалаң кезеңде қазақтың небір дарынды, небір айтулы қазақтың бетке ұстар ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлері қуғынға ұшырап, жазықсыз жала жабылып, айыпталып сотталды. Сонау Итжеккенге, еңбекпен өтеу лагерьлеріне айдалып, түмеге жабылып, онда түрлі қиыншылықтарды бастарынан өткерді. Бұдан басқа қарапайым халық та жаппай жазаланып, ең сорақысы ату жазасына кесіліп, талай адам бұл дүниемен қош айтысты. Осы семестрлік жұмысым аясында мен осы қуғын-сүргіннің басталуын, қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлерінің, соның ішінде Алашордашылардың қатал тағдырын, қазақтың ұлы тұлғалары бес арысы туралы баяндамақпын Партия қатарынан шығарылып, айыпталып жазаға ұшыраған қоғам қайраткерлері жайын жəне қан кешті қырғын, қиыншылық, жазалау орны болған лагерьлер туралы айтып өтпекпін.