1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


билет.20ғасырдың 2жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары ????



бет49/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
Сессия аза стан тарихы (4)

92билет.20ғасырдың 2жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары 📍 .
II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бұлінді және 2 млн адам қираған үйде түруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минскт.б. қалалардың көп болігі талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945-1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды.Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек корсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, коптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.

Сонымен қатар Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді. 1946 жылы қабылданған 1946-1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығына сәйкес шаруашылықты дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.


Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастүз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшілік-терінде жаңа кұрылыстар салынды.
Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің куаты артты.
1950 жыльі 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы қаласы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыс-тырылды.
Соғыстан әлсіреп шыкқан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т.б.Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқаңдай мәліметтерде айтылмады.
1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.
Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.
Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кетуі қаупі туды.1962 жылы Н.Хрущевтың бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан астам мал басы болды.1956 жылы бүкiл одақ бойынша 29,7 млн. гектар жер жыртылды, соның 18 млн-ны Қазақстанның үлесiне тидi. Тың жер Қазақстанның солтүстiк бес облысында игерiлдi. Тың жер игеру Қазақстан үшiн де, одақ үшiн де өз нәтижесiн бердi. Тың жер игерудiң нәтижесiнде Қазақстанда егiншiлiк жердiң көлемi 36 млн. гектарға жеттi. Бұл одақтағы егiстiктiң 16%-не тең едi. Кеңес Одағының халқының 6 %-ын құрайтын Қазақстан бидайдың 20%ын, еттiң 10%-ын, жоғары сортты қатты бидайдың 60%-ын өндiретiн болды. Ауыл шаруашылығы жерiнiң әр адамға тиетiн орташа мөлшерi жөнiнен Қазақстан дүние жүзiнде бiрiншi орынға шықты, мұнда әр адамға 14 га жер келетiн болды. Қазақстан Одақ қоймасына 6 рет млрд пұт астық құйды. Тың игеруге жұмсалған қаржы 1977 жылы өтелдi. Тың игерудiң экономика, әлеуметтiк салаға тигiзген салдары да болды. Тың игеру Кеңес Одағында, соның iшiнде Қазақстанда экономика саласында белгiлi нәтиже бергенiмен оның зардаптары да аз болған жоқ.1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.Тұтастай алғанда, Қазақстан мәдениеті 80 - жылдар ортасына қарай серпінді даму сипатынан айрылды. Оның арты Кеңестер одағының ыдырауына ұласты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет