1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


 XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі



бет48/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

61. XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі
Жауап: XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті. Ішкі Ресейдегі шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тасқыны мұндағы байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар өздері ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныстарын, ондағы қыстауларын, ата-баба зираттарын тастап, қиыр шеттегі әрі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды. Отаршылдық саясат келімсек орыс шаруалары мен жергілікті қазақтардың арасында ғана емес, қазақтардың өз араларында да жанжалды дау-дамайлар тудырды.
62. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері
Жауап: Екінші мемлекеттік Думада өлкенінің социал-демократиялық ұйымынан барған депуттаттар қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілердің ауыр жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен шешуге болмайтынын айтты. Мәселен, Б.Қаратаев өзінің мемлекеттік Думадағы сөзінде елдегі аграрлық қайшылықтарды өкімет шаруларды далалық аймақтарға, соның ішінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарына көшіру арқылы шешкісі келеді деп көрсетті. 
Ұлттық қозғалыстың Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша үкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тануды талап етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет