15.Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемле-кеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпалары-ның жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді. Қаңлы тайпасының шығу тегі «қаңқ» деп аталған жүк арбасын ойлап табумен байланыстырылады, ол туралы көптеген аңыздар мен тарихи естеліктер бар. Әбілғазы бойынша арба Оғыз хан дәуірінде пайда болған. Ол былай деп жазады: «Оғыз хан тұсында бір керемет шебер өмір сүрген екен. Өзінің қолынан келгенше ол екі аяқты күймені /арбаны/ ойлап тапқан. Оған ұқсап өзгелер де жүкке арналған арба жасай бастаған. Арбаны «қаңқ» деп атаған /қаңқа/. Арбаны жүргізушіні «қаңқалы» деп атаған және оның ұпақтарының барлығы қаңқалылар болған» (Әбілғазы, 18).
«Қаңқа» термині ежелгі деректерде кездеседі. Зенд-Авестада «кангха» туралы айтылады. «Қаңқ» сөзі генетикалық тұрғыдан «қаңлы» тайпасының атауымен байланысты, олардың ежелгі орталығы Қаңқа қаласы болған (Кангка, Кангха), оның қираған орны Әнгрен өзенінің төменгі ағысында жатыр. Ирандық дереккөздерге сәйкес, Қаңқа Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан.
Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы.
Қытай деректеріне сүйенсек, б.з.д. I ғасырдағы Қаңлы мемлекетінің иелік еткен аумағы Талас өзенінің батысын, оңтүстігі Сырдария өңірін толық қамтығандығын байқаймыз. Сондықтан, Қаңлы мемлекетінің басқару жүйесі де алғашқы кездегіден көп өзгерген. Атап айтқанда, Қаңлы патшасы оңтүстік өңірдегі жазиралы аймақтардағы қыстақтар мен қалаларды сол географиялық бөгделенген ортасы бойынша, жеке-жеке иеліктерге бөліп басқару саясатын қолданған.
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кен-ттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауын-шы қаласының атымен аталған. Бүл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. І мың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.
Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің та-рихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.
16 Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы