әділетсіз қарым-қатынас жасауға және кемсітушіліктің, тіл тигізудің және қысымшылықтың барлық түрлеріне жол бермейді;
әңгімелесу барысында сыпайылық танытады және күлімдейді;
шешім қабылдауға жеке көңіл білдірулермен немесе жеккөрініштілікпен әсер етуге мүмкіндік бермей, өзінің мінез-құлқын, сезімін және эмоциясын бақылайды;
Академияның позитивті имиджінің көтерілуіне ықпал етеді және Академия имиджіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратуға жол бермейді.
Зерттеу әдебінің қағидалары
кез келген зерттеу практикалық және әлеуметтік мәнге ие, анық деректер алу мақсатында негізделуі және ұйымдастырылуы тиіс;
деректерді жинауды өткізетін тұлға Зерттеулер жөніндегі комитетті осы Кодекстің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарланған зерттеу туралы хабардар етуі және тәуекелдердің алдын алу және жеңілдету шараларын, сондай- ақ күтпеген жағдаяттарда болуы мүмкін қиын сәттерді конструктивті шешу шараларын ескере отырып, зерттеу қатысушыларына қатысты потенциалды тәуекелдерді бағалауды жүргізуі тиіс. Психологиялық стресті қоса алғанда,
«тәуекел» деп зерттеудің қатысушысына/респондентке келтірілуі ықтимал зиян немесе залал айтылады;
ар-намыс пен абыройды құрметтеу қағидатын сақтау зерттеудің қатысушыларынан/респонденттерден осы Кодекстің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысуға келісім алуды талап етеді;
зерттеуге қатысушыларды/респонденттерді тартумен деректерді жинақтау құпиялылық қағидатын сақтай отырып, қатаң жүргізілуі тиіс;
қатысушының келісімімен оның кім екенін ашу жағдайларын есептемегенде, зерттеу барысында зерттеуге қатысушылардан алынған немесе қатысушы туралы ақпарат құпия болып табылады.
Академиялық адалдықты сақтамағаны үшін жауапкершілік
Сапалы оқыту мен зерттеудің әділдік және құндылық қағидаттары қызметтегі басты басымдығы болып табылатын ұжымның кез келген мүшесі – білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер академиялық адалдықты бұзу мәселелерін қоя алады.
Институт/МСҰМ директораты академиялық адалдықты бұзуға қатысты көтерілген кез келген мәселені қарастыруы тиіс, ол мәселені жан-жақты зерделеу және академиялық адалдықты бұзу фактілерін әділ бағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Білім алушылар және қызметкерлер оқуға немесе жұмысқа қабылданған кезде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы керек.
Кодекс нормаларын білмеу оларды сақтамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Осы Кодекс нормаларын бұзған Академия қызметкерлеріне қатысты ішкі еңбек тәртібінің қағидалары мен еңбек шартына сәйкес тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.
Осы Кодекстің нормаларын бұзған Академия білім алушыларына қатысты осы Кодекстің ережелері мен оқу шартына сәйкес шаралар қолданылады.
Институт/МСҰМ директораты және Академия басшылығы академиялық адалдықты бұзудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдайды, оның ішінде кеңес беру арқылы жасайды.
Жауапкершілік түрлері және жаза қолдану тәртібі
Қызметкерге қолданылатын жауапкершілік түрлері және оларды қолдану тәртібі Академияның ішкі еңбек тәртібі қағидаларында регламенттелген.
Білім алушыларға қолданылатын жауапкершілік түрлері:
ауызша ескерту;
жұмыстың және/немесе қойылған бағаның күшін жою;
бағаланатын жұмыстарды, оның ішінде диссертациялық жұмыстарды қорғауға жібермеу;