1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы



бет8/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
16. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.
Батыс Түрік қағанаты Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді Батыс Түркі қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түркілеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды. Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді. Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.
17.Жетісу және Оңт Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы.
Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне сүйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет