14.Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы М. Қашқари айтуы бойынша, Қаңлы (Қаңқа) - патшаның аты. Оның мемлекетіне кірген тайпалар, халықтар жалпы патшаның атымен «қаңлы» аталған. Соған қарағанда, жергілікті сақ тайпаларынан өрбіген ұрпақтар Әмудария мен Сырдария өңірлерін мекендеп, осы құлшылық қоғамын құрған. Олардың жайылған мекендері де көп жерлерді алып жатса, тұрғындарының сандары да көп болған. Олар ертедегі орта ғасырда бөлшектеніп, өздерінің ертеден келе жатқан аттарымен аталып кетсе де, басым көпшілігі қаңлы есімін сақтап қалған. Кейін түркі халықтары бөлшектеніп шыққанда, қаңлылар олардың көпшілігінің құрамына кірген: өзбек, қазақ, қырғыз, башқұрт, қарақалпақтар және т.б. Бірақ қаңлылардың басым көпшілігі бұрынғы Қаңлы мемлекетіне кірген жерлерде көбірек сақталған. Б.з.б. 329 жылы әйгілі Ескендір Зұлқарынай Сырдария бойына жеткен. Қаңлы мемлекетінің негізгі этникалық құрамы сақ нәсілді түрік тілдес тайпалардан тұрған. Қазіргі түрік халықтарының құрамына кірген қаңлыларда антропологиялық ерекшеліктері арасынан сары түсті, көздері көк, жақ сүйектері ойыңқылы көбірек кездеседі. Өздерін басқарған патшаның атымен аталуы түріктерде ертеден қалыптасқан дәстүр, мысалы: Оспан түріктері және т.б. Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
15. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Түрік қағанаты — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі.
Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.
Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын.