1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)



бет41/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
Тарих сессия

69. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1]
70. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою — Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын күшпен жою шаралары. 1929 жылы 20 ақпанда КСРО ОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесі “Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында қолдану тәртібі туралы”, 21 мамырда “Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар шаруашылықтарының белгілері туралы” қаулылар қабылдады. Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын тәркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар негізінде 1929 жылы 10 қазанда Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған қаулысы бойынша бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, диірмені барлар, т.б. жатқызылды. И.В. Сталин 1929 жылы сәуірдегі БК(б)П ОК мен Орталық бақылау комиссиясының пленумында “кедей — жұмысшы табының тірегі, орташа шаруа — одақтасы, кулак — тап жауы” деген тұжырымды ұсынды. Сол жылы 29 желтоқсанда өткен марксшіл аграршылар конференциясында Сталин кулактарды тап жауы ретінде жоюды күн тәртібіне қойды. 1930 жылы 15 қаңтарда БК(б)П ОК В.М. Молотов басқарған арнайы комиссия құрды. Жергілікті жерлердің партия комитеті жанында “үштіктер” ұйымдастырылды. Қазақстандағы республика “үштіктің” құрамына Ж. Құрамысов (төрағасы), А. Альшанский мен А. Асылбеков (мүшелері) енді. Ол 1930 жылы 23 қаңтардағы мәжілісінде Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар шаруашылықтарын тәркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, өнеркәсіп құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып әкелінетін 30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді. 1930 жылы 30 қаңтарда БК(б)П ОК бюросының “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулактар шаруашылықтарын жоюға байланысты шаралар туралы” қаулысы қабылданып, онда бай-кулактарды жою жолдары нақтыланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет