КУН,Томас Сэмюэл Кун (1922–1996) — американдық
философ, өзінің парадигмалар ұғымымен танымал, ғылым
философиясындағы тарихилық бағыттың көшбасшысы.
Шығармасы: «Ғылыми революция құрылымы» (1962), т.б.
Ғылым дамуы процесінің негізгі бірлігі парадигма – зерттеу
қызметі негізі ретінде ғылыми қауымдастық мүшелері
мойындайтын концептуалдық схеманы ойлап тапты. Кунның
анықтауынша, әлем картинасында оның мынадай маңызды
компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы
және ғылыми революция.
КОНФУЦИЙ, Кун-фу-цзы (б.д.д.551–479ж.ж.) — көне
Қытайдағы атақты ойшыл. Ізбасарлары ұстазының және
өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын
жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген
конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге
келтірді. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш
– Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады.
Қарастырған мәселесі – адамдар арасындағы қарым-
қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек
көңіл бөледі: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы
үш ұғым бірігіп, «дао» (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен
өмір сүруі қажет. Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт
тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы
қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан
билеуші – билеуші, шенеунік - шенеунік, әке - әке, ал бала - бала болып,
аттарына байланысты емес, шын мәнінде қалулары керек. Ал оларда
күтпеген жерде кездейсоқ өзгерістер бола қалса, ол тез арада өз қалпына
келуі керек. Билеуші-әке, халқы – оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет
басқарылуы керек.
КУН-ФУ-ЦЗЫ ШӘКІРТТЕРІ — Цзы-ся (Бу Шан), Цзы-цинь (Чэнь Кан),
Цзэн-цзы (Цзэн Шэнь), Цзы Гун (Дуаньму Сы немесе Сы), Мэн И-цзы (Мэн
Чжун-сунь), Фань Чи (Фань Сюй), Цзы Ю (Янь Янь), Янь Хуэй (Янь Хой, Ян
Юань, Янь Цзы-юань), Цзы Чжан (Чжуань Сунь-ши), Цзы Чжан (Чжуань
сунь Ши), Цзай Во (Цзай-юй, Цзы во), Цзы Лу (Чжун Ю), Жань Цю), Гуанси
Хуа, Гунси Чи (Цзы Хуа), Лао (Цин Цзы-кай), Чжун Ю (Цзы Лу), Сыма Ню
(Сыма Гэнь).