1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


КЬЕРКЕГОР, Серен Обю Кьеркегор



Pdf көрінісі
бет115/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   236
КЬЕРКЕГОР, Серен Обю Кьеркегор (1813–1855) — дат
философы, 
протестанттық 
теолог 
және 
жазушы. 
Иррационализм өкілі. Экзистенциализм және қазіргі заманғы 
философиялық антропологияның негізін қалаушылардың бірі. 
Шығармалары: «О понятии иронии», «Немесе-немесе», 
«Қорқыныш пен қалшыл», «Қайталау», «Философские 
крохи», «Қорқыныш ұғымы», «Өмір жолындағы белестер», 
«Өлімге бастайтын ауру» және т.б. Оның философиясы - даралықтың 
көрінісі, ол өзінің барлық туындыларында тарығып, күмәнданып, өзін біресе 
ақтап, біресе жазалап толғаған махаббатының, айттыру мен ажыраудың 
трагедиялық тарихы. Философияның дамуына әсер еткен басты идеялары: 
сананың шеңберінде қалмай, тірі өмірге, болмысқа, экзистенцияға қарай 
бару, сана мен ұғымды емес, болмыс пен экзистенцияны; адамның таңдау 
әрекетін жасау қабілетін, оның рухқа қатыстылығының шүбәсіз дәлелін, 
оның бірдей еместігін, бір-біріне сәйкес келмеуін; сенімді адамның ең асқақ 
міндеті мен мақсаты ретінде мойындау. 
ҚАЗТУҒАН-ЖЫРАУ, Қазтуған Сүйінішұлы (XVғ) — 
атақты жырау, өз заманының батыры, ақын, күйші, әрі 
шешен. Алтын-Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның Ұлы 
Даласын көктей көшкен көшпелілер басынан құсы ұшқан 
кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан әйгілі тұлғалардың 
бірі. Ол өткенін қимай, бүгініне риза болмай, болашағына 
секеммен қарап өткен жырау. Сексен жасқа жақындаған 
Қазтуғанға «Сағыныш» күйін тартқызған қайран жер кезінде Бөкей 
хандығына қараған еді, кейін ол жерлер орыстардың қолы астында қалды.
ҚАСЫМЖАНОВ, Ағын Хайроллаұлы Қасымжанов (1931–
2000) — диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен 
айналысты, ол ғылымға «Ұлы Дала өркениеті» деген 
ұғымды енгізді, әл-Фарабидің рухани мұрасын зерттеді. 
Шығармалары: 
«Диалектика, 
логика 
және 
таным 
теориясының сәйкестенуі проблемасы», «Диалектиканың 
заңдары мен категориялары», «Мәдениет тарихындағы әл-
Фараби», «Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары», «Ұлы 
дәстүрлердің кеңістігі мен уақыты» т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет