1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МАУДУДИ, Әбул-Ала Маудуди



Pdf көрінісі
бет126/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   236
МАУДУДИ, Әбул-Ала Маудуди (1903–1979) — қазіргі заманғы мұсылман 
әлемінің философы. Хайдарабадтағы Аврангабадта дүниеге келген. Оның 
тегі Хижра жыл санауы бойынша VІғ. Үндістанда өмір сүрген Чештия 
тарикатының шейхы Кутбуддин Мәудудиге барып тіреледі. Оның әкесі 
Батыс империализіміне қарсы шыққан адам. Алғашқы қызметін журналист 
ретінде («Муслим», «Тач», «Жамият» газеттерінде және «Тәржуман-ул 
Құран» журналында) бастаған ол 1938ж. М.Икбалдың шақыртуымен 
Пенжабқа келіп, Лахорда ислам университеті дінтану факультетінде декан 
болады. Пенжабта Дару-с-Сәлам Академиясында 1941ж. Жама ат-ул 
Исламияны құрды. 1947ж. Пәкістан Үндістаннан бөлініп, тәуелсіз мемлекет 
болған жылдары ол ел арасында үгіт-насихат айту жұмыстарымен 
айналысады. Шығармалары: «Құран бойынша төрт термин», «Сүннеттің 
атазаңындағы ерекшелігі», «Келіңдер, осы әлемді өзгертейік», «Ислам 
қозғалысының динамикалары», «Ислам революциясының процесі», «Ислам 
заңы», «Жиһад», «Хижаб», «Пәтуалар», «Тафһим-л-Құран». 
 
 
МАХ, Эрнст Мах (1838–1916) — австриялық физик әрі 
позитивист-философ. Басты шығармалары:
 
«Принцип 
сохранения работы, история и корень его», 1871; 
«Механика. Историко-критический очерк ее развития», 
1883; «Анализ ощущений и отношение физического к 
психическому», 1886; «Принципы учения о теплоте», 1896; 
«Ғылыми-көпшілік дәрістер», 1896; «Таным және адасу», 
1905; «Мәдениет және механика», 1915; және т.б. 
МАХАВИРАДжина Махавира (б.д.д.Vғ.) — джайнизм 
және джайндік философияның негізін қалаушы, Будда 
Гаутаманың замандасы, личчхавтар тайпасының көсемі 
Сиддхартханың 
баласы. 
Джайнизмнің 
негізгі 
философиялық көзқарастары «Сиддханта» деп аталатын 
кітаптар жинағында келтірілген (б.д.д.IIIғ.). Джайнизм 
(«Джина» - жеңімпаз) - этикалық ілім. Джайнизм 
сансараға (жанның бір денеден екінші бір денеге көшіп 
жүруі), кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға 
(жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Джайнизмнің басты мақсаты – қасірет 
деп түсінген өмірден азат болу. Джайнизмнің ілімінше, карма заңын 
құдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы 
өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол 
үшін сансардан құтылу қажет. 


301 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет