1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МОНТЕСКЬЕ, Шарль-Луи де Секонда барон Ла Брэд и де



Pdf көрінісі
бет129/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   236
МОНТЕСКЬЕ, Шарль-Луи де Секонда барон Ла Брэд и де 
Монтескьё (1689–1755) — француз жазушысы, құқықтанушы 
әрі философ, «Фарсылық хаттар» романының, «Римдіктердің 
ұлылығы мен күйреуінің себептері туралы пікірлер», 
«Энциклопедии, или Толкового словаря наук, искусств и 
ремёсел» мақалаларының авторы. Деизм және механикалық 
материализм өкілі. Монтескье әр халықтың және елдің 
заңдарын, саяси өмірін табиғи және тарихи жағдайлардың 
ерекшеліктерінен деп түсіндіреді. «Заңдар табиғи және қоғамдық болып екіге 
бөлінеді. Табиғи заңдарға әр елдің табиғат ерекшеліктеріне байланысты (ауа-
райы, жер-реңі, т.б.) қалыптасқан психологиялық мінез-құлықтар жатады. 
Бұл заңдылықтар – мәңгі, өзгермейді. Осы заңдар негізінде өзгермелі 
қоғамдық заңдар қалыптасады» - дегенді айтты. Монтескьенің саяси-
әлеуметтік ілімдері қоғам дамуының қозғаушы күштерін айқындауға, 
қоғамдағы болашақ реформалардың тиімді жолдарын қалыптастыруға 
негізделгендіктен, оның біршама ойлары мен көзқарастары кейінгі 
дәуірлерде өмір сүрген ойшылдарға, саясаткерлерге зор әсер етті.


303 
МОР, Томас Мор (1478–1535) — ағылшын ойшылы, жазушы.
Католик Шіркеуінің әулиесі. Утопистік социализмнің 
негізін салды. Мордың атақты шығармасы «Утопия» деп 
аталады («Утопия» – грекше «орны жоқ орын», «Жерұйық» 
дегенді білдіреді). Онда, ол индивидуализмге қарсы, жеке 
меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған 
адамдардың бәрі тең. Мемлекет басшысы – терең ойлы 
философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, 
жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам – қиялдағы аралды 
жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. 
МУНЬЕ, Эммануэль Мунье (1905–1950) — жеке тұлғаны абсолюттік 
құндылық деп тануға негізделген философиялық концепция – француз 
персонализмінің негізін қалаушы. Жеке тұлға туралы персоналистік ілімнің 
өзегі: адам жер бетіндегі гуманистік міндеттерді атқаруға міндетті және 
жауапкершілігі мол. «Қызықты өмір» идеясы негізінде оны шығармашылық 
белсенділікпен атқаруы тиіс. Шығармалары: «Персонализм» және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет