1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет127/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   236
МЕЛЬЕ, Жан Мелье (1664–1729) — француз материалист-
философы, атеист, утопистік коммунист, католик священнигі. 
Ол өзі діндар болса да,
өмірінің аяғында атеизмге бой ұрды, 
материализмнің жауынгері болды. Оны өзінің әлеуметтік-
саяси көзқарастары үшін бірінші коммунист, социалист-
утопист деп те атайды. Негізгі идеялары: ешқандай да 
тылсым күш (Құдай) жоқ; материядан тәуелсіз идея болмақ 
емес, жан да мәңгі емес; дүние ерекше субстанция – 
материядан тұрады; абсолютизмді құлату керек, жеке меншік пен мемлекетті 
жою керек; 
МЕРТОН, Роберт Кинг Мертон (1910–2003) — американдық ғалым
ғылым социологиясының негізін қалады. Ол ғылымды зерттеудің 
институциялық әдісін қолданды. Және «ғылым этосы» ұғымын ұсынды 
(ғылыми қауымдастық мүшелерінің ұстанатын нормалары). 
МЕРЛО-ПОНТИ, Морис Мерло-Понти (1908–1961) — 
француз 
философы, 
мәдениеттің 
феноменологиялық 
тұжырымдамасының өкілі. Оның пікірінше, адамды 
қоршаған әлем – мәдениет әлемі сияқты мағына мен маңызға 
толы әлем.
Шығармалары: «Гуманизм және террор», 1947; 
«Смысл и бессмыслица», 1948; «Язык несказанного и голоса 
молчания», 1952; «В защиту философии и другие эссе», 1953; 
«Приключения диалектики», 1955; «Таңбалар», 1960; «Око и 
дух», 1961; «Әлем прозасы», 1969; «Плоть мира», «Феноменология 
восприятия» және т.б. 
МИЛЛЬ, Джон Стюарт Милль (1806–1873) — белгілі 
ағылшын ойшылы әрі экономисі, қоғам қайраткері, 
позитивизм өкілі. Шығармалары: «Опыты», «Система 
логики», «Основы политической экономии и некоторые 
аспекты их приложения к социальной философии», 
«Основах...», т.б. да саясат, саяси экономия, философия 
ғылымдары салаларын қамтитын ірі еңбектерді жазып
ғылымда өз ізін қалдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет