1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет177/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   236
Г.Г.Гадамер, М.Ландман және т.б. Герменевтика қазіргі философиялық – 
қазіргі әлемде ең көп сұранысқа ие болатын философиялық бағыт, оны 


345 
түсіну және өзара түсіністік теориясы деп те атайды. Бұл бағыт мән, 
түсіну шарттары мен алғышарттары, мәдениеттің мәтіндерін, дәстүрді, жол-
жораны, әлемнің ұлттық бейнесін, әртүрлі өмірлік практикаларды түсінуді 
жүзеге асыратын тәсілдерді анықтау сияқты ең өзекті мәселені шешуді 
көздейді. Г.Гадамер М.Хайдеггердің идеяларын дамытқан.
ГЕРМЕНЕВТИКАЛЫҚ ШЕҢБЕР — антикалық риторикадан алынып, 
ортағасырларда киелі жазбаларды - Інжіл мен Құранды түсіндіруде кеңінен 
қолданылған герменевтиканың қағидасы. Герменевтикалық шеңбер – 
түсінудің ерекше құрылымы, онда түсінік әрқашан нобайдан, тұтастық 
жобасынан және түсіну қажет болатын заттан басталады. Кейін бөліктерді, 
деректерді зерттеу жүзеге асады және олар бастапқы жобаны дәлелдесе, онда 
тұтастық байып нақтыланады. Егер дәлелдемесе, тұтас нәрсенің басқа 
нұсқасын алу қажет. 
ГИПОТЕЗА (грекш. - негіз, мән, болжам) тұжырымдау, ой қорыту 
жүйесі, сол арқылы бірқатар фактілер негізінде обьектінің, байланыстың 
немесе құбылыс себептерінің болуы туралы тұжырым жасалады, алайда бұл 
тұжырымды әбден анықталған деп санауға болмайды. Осы тұжырымның 
мазмұнын – гипотеза деп те атайды. 
ГНОСТИКТЕР (грек тіл. ауд. – «гносис» таным) — христиан теологиясын 
Көне Шығыс діндерімен, неоплатонизм және пифагоризммен біріктірген 
діни-философиялық ағым. 
ГУМАНИЗМ — адамгершілік, адам өмірін, оның ақыл-ойын, еркін, т.б. 
алдыңғы қатарға қоятын бағыт, XIVғ. - XVғ. орта шені, оның орталығы 
Италия болды. 
ГУРУ (санкр. - «рухани ұстаз») — Үндістандағы сикхілер діни қауымының 
басшысы. Бірінші гуру ретінде сикхизмнің негізін салушы Нанак (1469-1536) 
танылды. 
ҒЫЛЫМ — адам қызметінің ерекше формасы, әлеуметтік-мәдени құбылыс, 
феномен, тұтастық ретінде, шын мәнінде XVIIғ. бері қалыптаса бастады. Ол 
дербестігіне ие болып, ғылыми институт қалана бастады, ғалымдар, яғни 
ғылыми қызметтің субьекттері пайда болды. Ғылымның дамуы күрделі 
диалектикалық процесс, ол эволюциялық дамумен бірге революциялық
секіріс түрінде де дамиды. Ол кумулятивті, яғни біртіндеп білім жинайды, 
байиды. Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы білімдер жасауға 
бағытталған және оның барлық шарттарын түгел қамтитын зерттеу 
қызметінің саласы. Ғылым – қоғамдық сананың формасы.


346 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет