1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


БРАХМА (миф) — индуистік үштіктің бас құдайы (Брахма-Вишну-Шива);  әлемді жасаушы.  БРАХМАН



Pdf көрінісі
бет174/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   236
БРАХМА (миф) — индуистік үштіктің бас құдайы (Брахма-Вишну-Шива); 
әлемді жасаушы. 
БРАХМАН — біртекті заттардың кейбір тобының субстанциясы; абсолютті 
субстанция; бар нәрсенің алғашқы негізі; атманға тең абсолютті сана; 
варнаның мүшесі. Брахмандар – Үндістанда таптық қоғам қалыптаса 
бастаған кезде абыз-брахмандар жасаған ведалық әдебиеттердің түрі. Онда 
ведалық мәтіндерге түсіндірме, рәсім-салт жинағы, құдайлар мен патшалар 
туралы әңгімелер кезігеді. Шатапатха-Брахман – адамның қасиеті туралы 
мазмұнды жинақтың бірі. Басқаша айтқанда, біріншіден, барлық заттардың 
негізінде жатқан, одан шығатын, онда бар және оған қайтып оралатын 
шындық. Брахман – бұл Упанишадта айтылғандай, Құдайдың атауы. 
Екіншіден, көне үнді қоғамындағы абыздық варнаның немесе кастаның 
(сословие) атауы. Діни қызметкерлерді Брахмандар деп, ал олар уағыздаған 
дінді брахманизм деп атады. 
БРАХМАНИЗМ — ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда 
болып, оны алмастырған діни–философиялық жүйе. 
БУДДИЗМ (жадырау, сергектену) — ежелгі Үндістанда (б.д.д.VI-Vғ.ғ.) 
пайда болған этикалық–филсоофиялық ілім. Негізін қалаушы – Сиддхартха 
Гаутама Будда. Буддизм ілімі бойынша, өмір – қасірет. Қасіреттен 
құтылудың бірден-бір жолы – сансардан (жанның бір денеден бір денеге 
ауысып отыруы) толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі 
қажет: 1 - өмір қасіретке толы; 2 - қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат; 3 -


343 
Қасіреттің пайда болу себебі және 4 - одан құтылу жолдарын білу;
Құштарлықтан құтылу оңай емес, ол үшін сегіз әдептілік қағиданы 
бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға тырысу қажет. Б.д.д.III-
ғасырда буддизм Үндістанның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, ол 
дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті: махаяна және хинаяна. Буддизмге 
сенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі 
(Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон, т.б.). Ал Үндістанның өзінде буддизмнің 
орнын брахманизм басады да, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір 
көрінісі болып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет