1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет185/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   236
 
ИДОЛ (грек тіл. ауд. – бейне) — материалды зат, діни табынуға қызмет 
ететін жер (объект). 
ИСЛАМ (әл-ислам – Құдайға және оның еркіне мойынұсыну) — әлемдік дін. 
VІІғ. арабтың жартылай аралында Мұхаммед Пайғамбардың көмегімен 
дүниеге келді. Қазір әлемде исламға табынатындардың жалпы саны көбеюде. 
ИСЛАМДЫҚ-ХРИСТИАНДЫҚ СҰХБАТ — ортағасыр дәуірінде 
басталған ислам мен христиан діндерінің сұхбаты. Қоғамдағы маңызды 
әлеуметтік-саяси мәселелердің толеранттық көзқарасының қалыптасуына 
әсер еткен коммуникативті дінаралық тәжірибие. Қазіргі кезде қоғамның 


353 
нығаюына әсер етуші жаһандану жағдайындағы коммуникативті қорғаныс 
ретінде маңызы зор. 
 
ИСЛАМДЫҚ СӘЙКЕСТІК — исламдық діни тәжірибие арқылы іске асқан 
исламдық әлемитүсінік, исламдық дүниеге қатынас және исламдық 
құндылықтарды ұғыну болып табылатын исламдық сана категориясы. 
Исламдық сәйкестік мұсылман тұлғасының қалыптасу жағдайында дамиды. 
 
ИСЛАМДЫҚ МОРАЛЬ — Құран мен Суннаның діни-этикалық 
тұжырымына негізделген адамгершілік парадигмасы. 
 
ИСЛАМДЫҚ ТЕОЛОГИЯ — Құран мен Суннаның мәтіндерін тәфсірлеу 
мұсылмандық дәстүрі ретінде дамыған рухани ағым. Ислам теологиясының 
негізгі мәселелері алдын-ала анықтау, ерік бостандығы және таңдау 
еркіндігі, о дүниелік өмір, қылығына қарай жазалау, теодицея және басқалар. 
Бұл мәселелердің пікірталас тудыруына байланысты ислам теологиясының 
ішінде көптеген ағымдар пайда болды – жабраиттар, кадариттар және т.б. 
 
ИСЛАМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ — ислам діні ғылымы мен ислам ғылымын 
оқыту жүйесі. Оқыту формасы – мектеп, медресе. Оқыту тәсілі – лекциялар, 
тәфсірлеу, семинарлар, пікірталас және сұхбат. Басты белгісі – сұхбаттық –
Мұғалім мен Оқушы. Қазіргі кездегі басты мұсылмандық білім беру 
орталықтары – Әл-Азхар университеті (Каир, Египет), әл-Каравийн (Фес, 
Марокко), әл-Зәйтүн (Тунис), Умм әл-Курра (Мекке), Ханзада Абд әл-Азиз 
университеті (Медина), теологиялық Академия (Кум, Иран). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет