355
ИНТЕЛЛИГИБЕЛЬДІЛІК — ақылмен танылатын, ақыл арқылы ғана қол
жеткізуге болатын нәрсе.
ИННОВАЦИЯ (ағылш. – жаңалық) — мәдениеттану мен социологияда
этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени
құбылысты айқындайтын ұғым.
ИНТЕНЦИЯШЫЛДЫҚ (латынш. – талпыну, зейін қою) — сананың
белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес
екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы.
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ — тарихи-гуманитарлық ғылымдарда – мәтіндердің
мәндік мазмұнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; математикалық
логикада, логикалық семантикада, ғылым философиясында – формальдық
тілдің сөйлемдерінің мағынасын анықтау.
ИНТЕРСУБЬЕКТІЛІК — таным субъектілері арасындағы арнайы қарым –
қатынас, өзара араласу мен білімін өзгемен бөлісудің негізі.
Достарыңызбен бөлісу: