1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет188/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   236
ИНТРОСПЕКЦИЯ (латынш. – ішіне қараймын) — өзіндік психиканың 
ерекшеліктерін айқындау мақсатымен, оның әрекеттерін саналы, жүйелі 
түрде бақылау. 
ЙОГА (санскр. – байланыс, ойды жинақтау, бірлесу, тәртіп, терең ой) —
көне және ортағасыр үнді философиясының жүйесі. Санадан, өзін өзі танудан 
арылы, абсолюттік тыныштыққа жету не жеке жанды абсолюттікке, Құдайға 
жақындату. Адам психологиясы, түрлену дөңгелегінен азат болу ілімі. 
«ЙОГА СУТРАСЫ» — ең ежелгі және беделді оқулық ретінде танымал 
болған діни-философиялық әдебиет жанры. Мамандардың болжамынша, 
Патанджали құрастырған бұл «Йога сутрасы» б.д.д. IIғ. - дан б.д.IVғ. 
аралығында қалыптасты. Еңбекте дененің саулығын түзеуге, тән сұлулығын 
ұзақ сақтауға, сананы дәстүрлі психофизикалық тұрғыдан реттеуге арналған 
мәліметтер жиынтығы мен жүйелі ұстанымдар берілген.
ИРРАЦИОНАЛИЗМ (латынш. – ақылға қонымсыз, санадан тыс) — 
табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын 
методологиялық принцип, әдістанушылық қағида. Болмыс пен танымның 
обьективтілік заңдылықтарын, диалектиканы теріске шығаратын, қоршаған 
дүние мен тарихты хаос, кездейсоқтық деп қарастыратын, жалпы бірізділікті, 
дәйекті логикалық дамуды мойындамайтын философиялық бағыт. XIXғ.II-ші 
жартысында Германияда пайда болды, оның негізін қалаған - Артур 
Шопенгауэр. 


356 
КАББАЛА (көне евр. – аңыз) — неоплатонизмдегі пантеистикалық 
құрылымды гностицизм мен иудейлік Тора сенімінің жекелеген 
ережелерімен жалғастырушы иудаизмдегі мистикалық ағым. 
КАЛАМ (арабша «калам» – сөз) — ортағасырлық мұсылман 
философиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын 
зерттеп, түсіндіруді және қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік 
теология деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибиеден тыс 
жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді. 
КАЛОКАГАТИЯ (грекш. – тамаша және кеңпейіл) — антиктік мәдениетте 
кеңінен қолданылған термин. Адамның ішкі және сыртқы мәдениеттерінің 
үндестігін білдіретін ұғым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет