«Бекітемін» «ФаиЗаман» жшс-гі



бет1/6
Дата29.11.2022
өлшемі129,75 Kb.
#53630
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ойын түрлері апталығы разработка


«Бекітемін»
«ФаиЗаман» ЖШС-гі
«Күншуақ» бөбекжай-бақшасының
МДҰ-жетекшісі ___________ Г.К Нұртаза

«Ойын түрлері» апталығы
«Сюжеттік рөлдік» ойын
Тобы: «Айшуақ»
Күні: 31.10.2022ж
Тақырыбы: «Дәрігер»
Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасау, ой - қиялын одан әрі дамыту. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып тәрбиелеу. Ойын кезінде ақ халатты абзал жандардың игі еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Ақ халат, ойыншықтар, медициналық ойыншықтар, Тәрбиеші: Балалар бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбер
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз аман болсын!
Тәрбиеші: Балалар сендер қандай мазмұндық ойындар білесіңдер?
Балаларға слайд көрсете отырып, мазмұндық ойындарды еске түсіріп жауаптарын алу.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді сендер қандай мазмұндық ойын ойнағыларың келеді.
Балалар: «Дәрігер» ойынын ойнағымыз келеді.
Тәрбиеші: Балалар біз ауырсақ қайда барамыз?
Балалар: Дәрігерге
Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
Балалар: Ауруханада, емханада.
Тәрбиеші: Балалар біз ауырмау үшін, тамақтарымызды тауысып ішіп, дәрумедері көп көкөністер мен жемістерді көбірек жеуіміз керек. Сонымен қатар дәрігерге қаралуға барғанда дәрігерден қорықпай ауырған жерімізді емдетіп алғанымыз дұрыс.
Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгін күннің екінші жартысында «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Ен алдымен дәрігер туралы кім тақпақ айтады.?
Айсұлтан
Іш ауырса, тіс ауырса.
Мамам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала.
Оны жақсы көреді.
Гауһар
Әжеме тіс саламын.
Көзіне әйнек тағамын
Сондықтанда өскенде
Мен дәрігер боламын
Бибінұр
Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді.
Өзім жақсы көремін
Тәрбиеші: Ендеше бүгін біз Аурухана айынын рөлге бөліп ойнайық.
Кәне кім дәрігер,, кім медбике, кім ана, кім дәріханашы болғысы келеді.
Ана: Сәлеметсіз бе? дәрігер
Дәрігер: Сәлеметсіз?
Ана: Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қашаннан бері аурады?
Ана: Кешеден бері.
Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузыңды аша ғой тамағыңды қарап жіберейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген өкпесінде сырылы бар, емдеу керек.
Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз.
Ана: Рахмет дәрігер, сау болыңыз.
Ана: Саламатсыз ба?
Дәріханашы: Саламатсыз ба?
Ана: Маған мына дәріні беріңізші.
Дәріханашы: Қағазыңыз барма? мына дәріні 2 мезгіл беріңіз.
Ана: Рахмет. Сау болыңыз.
Дәріханашы: Сау болыңыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар келіңдер сендерді таныстырып өтейін.
Бас бала дәрігер: Сұлтан
Медбике: Бибінұр
Дәріханашы: Асылым
Ана: Адема
Тосын сый
Осы кезде есік қағылып ішке Қуыршақ Айша келеді. Қолында дәрігердің сөңкесі бар. Ол дәрігер қорапшасындағы дәрігердің заттарын ажыратып беруін өтініп, көмек сұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет