294
ЛЕВКИПП,
Левкипп Абдерский
немесе
Милетский
(б.д.д.Vғ.) — гректен шыққан натурфилософ, атомистиканың
негізін қалаушылардың бірі. Ол
туралы философия
тарихында, жалпы ғылым тарихында ешбір мәлімет
сақталмаған. Дегенмен, дүниенің негізі – атомдар деп санап,
философиялық материалистік мектептің негізін қалаған
тұлға.
ЛЕЙБНИЦ
,
Готфрид Вильгельм фон Лейбниц
(1646–1716)
—
неміс философы, математик, өнертапқыш, филолог,
тарихшы,
психолог,
заңгер-юрист,
дипломат.
Ол
дифференциалдық және интегралдық
теңдеулерді ойлап
тапты.
Шығармалары:
«Метафизика туралы ойлар», «Адам
парасаты
туралы
жаңа
тәжірбиелер»,
«Теодицея»,
«Монадология», т.б. Монада туралы ілім –
Монадологияның
негізін салды
(монада гр.т.ауд – «бір», «тұтастық» деген сөзін білдіреді).
Оның ілімі Дидроның, Робинэнің, неміс
классикалық философиясының
қалыптасуына зор әсер етті. Әсіресе, олар оның монадалардың әмбебаптық
байланысы, олардың өзара бір-біріне ауысуы, т.б.
идеяларын әрі қарай
дамытып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық қағидаларды дүниеге
әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: