1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  ИСЛАМДЫҚ ФУНДАМЕНТАЛИЗМ



Pdf көрінісі
бет205/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   260
 


354 
ИСЛАМДЫҚ ФУНДАМЕНТАЛИЗМ 
— Мұхаммед Пайғамбар кезеңіндегі 
мұсылмандық тәжірибиені, яғни исламдық алғашқы бастау, сенім тірегін 
қайта қалпына келтіруге негізделген доктринаны, қазіргі саяси ислам 
қозғалысын белгілейтін ұғым.
 
ИСЛАМДЫҚ ГУМАНИЗМ 
— инсанийа – адамдық, гумандылық, әр адам 
басындағы рухани-адамгершіліктік бастауды, оның қоғамдағы тең құқын 
мойындауды білдіретін тұжырым. Исламдық гуманизм мұсылман 
мәдениетінің ұстанымы ретінде теңдікті, еркіндікті, адам өмірінің 
құндылығын уағыздайды. Тұжырым білім беру мәселелерімен және 
қайырымдылық, тәрбие феномендерімен байланыста ашылады.
 
ИСЛАМДЫҚ МОДЕРНИЗМ 
— исламдық құндылықтарды ортодоксалды 
және схоластикалық нұсқалардан босатуға және құндылықтарда қайта қарау 
идеясына негізделгені – рухани ағымдардың кең таралуы. Сонымен қатар 
оның құрылымында Құран мәтінін тұжырымдау, исламның іргелі негіздерін 
рационалистік сипатта баяндау көрініс береді. Исламдық модернизм 
философиясы қоғамның этикалық, эстетикалық, әлеуметтік және саяси 
мәселелерін әлеуметтік теңдік және әділеттілік негізінде қарастырады. 
ИСТОРИЦИЗМ 
— 
тарихи 
білімнің 
логикалық-методологиялық, 
гносеологиялық және көзқарастық проблемаларын алдыңғы қатарға 
шығаратын философиялық ағым. 
ИЕРОГЛИФ 
(грек тіл. ауд. – қажетті және қиылып алынған) — көне 
жазудың түрі, таңба не белгі, сурет түрінде келеді. 
ИНДИВИДУМ
(латын тіл. ауд. – бөлінбейтін, тұтас, ерекше тұлға) — жеке 
адам, тұлға. 
ИНДУИЗМ
— әлемдегі ірі діндердің бірі. Қасиетті кітабы – Веда және 
брахмандардың бір орталыққа бағындыру ілімінің негізін құрайды. Карта 
заңына сай жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін 
жаңа түрге айналатындығы туралы ілім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет