1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ИНДУКЦИЯ  (латынш. – нысанаға алу )



Pdf көрінісі
бет206/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   260
ИНДУКЦИЯ 
(латынш. – нысанаға алу
)
— «жекеден»- «жалпыға» қарай өту 
арқылы білім алудың логикалық тәсілі. Дедукцияға қарама-қарсы қойылады. 
ИНТУИТИВИЗМ 
— философиялық-методологиялық ұстаным, болмыс пен 
танымның соңғы негіздемесі ретінде шындықтың субьект пен обьектіге 
бөлінуін жоятын, затқа тікелей, «тірі» енуді таниды. 
ИНТУИЦИЯ 
— білімді дискурсивті туындатусыз және дәлелдеусіз, 
проблемалық ситуацияны тұтастай қамту арқылы тікелей алу процесі. 


355 
ИНТЕЛЛИГИБЕЛЬДІЛІК 
— ақылмен танылатын, ақыл арқылы ғана қол 
жеткізуге болатын нәрсе. 
ИННОВАЦИЯ
(ағылш. – жаңалық) — мәдениеттану мен социологияда 
этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени 
құбылысты айқындайтын ұғым. 
ИНТЕНЦИЯШЫЛДЫҚ
(латынш. – талпыну, зейін қою) — сананың 
белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес 
екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы. 
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ 
— тарихи-гуманитарлық ғылымдарда – мәтіндердің 
мәндік мазмұнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; математикалық 
логикада, логикалық семантикада, ғылым философиясында – формальдық 
тілдің сөйлемдерінің мағынасын анықтау. 
ИНТЕРСУБЬЕКТІЛІК 
— таным субъектілері арасындағы арнайы қарым – 
қатынас, өзара араласу мен білімін өзгемен бөлісудің негізі. 
ИНТРОСПЕКЦИЯ 
(латынш. – ішіне қараймын) — өзіндік психиканың 
ерекшеліктерін айқындау мақсатымен, оның әрекеттерін саналы, жүйелі 
түрде бақылау. 
ЙОГА 
(санскр. – байланыс, ойды жинақтау, бірлесу, тәртіп, терең ой) —
көне және ортағасыр үнді философиясының жүйесі. Санадан, өзін өзі танудан 
арылы, абсолюттік тыныштыққа жету не жеке жанды абсолюттікке, Құдайға 
жақындату. Адам психологиясы, түрлену дөңгелегінен азат болу ілімі. 
«ЙОГА СУТРАСЫ» 
— ең ежелгі және беделді оқулық ретінде танымал 
болған діни-философиялық әдебиет жанры. Мамандардың болжамынша, 
Патанджали құрастырған бұл «Йога сутрасы» б.д.д. IIғ. - дан б.д.IVғ. 
аралығында қалыптасты. Еңбекте дененің саулығын түзеуге, тән сұлулығын 
ұзақ сақтауға, сананы дәстүрлі психофизикалық тұрғыдан реттеуге арналған 
мәліметтер жиынтығы мен жүйелі ұстанымдар берілген.
ИРРАЦИОНАЛИЗМ
(латынш. – ақылға қонымсыз, санадан тыс) — 
табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын 
методологиялық принцип, әдістанушылық қағида. Болмыс пен танымның 
обьективтілік заңдылықтарын, диалектиканы теріске шығаратын, қоршаған 
дүние мен тарихты хаос, кездейсоқтық деп қарастыратын, жалпы бірізділікті, 
дәйекті логикалық дамуды мойындамайтын философиялық бағыт. XIXғ.II-ші 
жартысында Германияда пайда болды, оның негізін қалаған - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет