1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет207/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   260
Артур 
Шопенгауэр. 


356 
КАББАЛА
(көне евр. – аңыз) — неоплатонизмдегі пантеистикалық 
құрылымды гностицизм мен иудейлік Тора сенімінің жекелеген 
ережелерімен жалғастырушы иудаизмдегі мистикалық ағым. 
КАЛАМ 
(арабша «калам» – сөз) — ортағасырлық мұсылман 
философиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын 
зерттеп, түсіндіруді және қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік 
теология деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибиеден тыс 
жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді. 
КАЛОКАГАТИЯ
(грекш. – тамаша және кеңпейіл) — антиктік мәдениетте 
кеңінен қолданылған термин. Адамның ішкі және сыртқы мәдениеттерінің 
үндестігін білдіретін ұғым. 
КАНОН
(грек. – ереже, қағида, өлшем) — берік сақталған, дәстүрлі, 
жалпыға түсінікті үлгі. 
КАРМА
— (санкрит. - әрекет) пешене, адам өмірінің, 
тағдыр
ының алдын-
ала мәлім болуы. Адам тіршілігінде істеген қылықтарына берілетін әділ әдеп 
заңдылығы. Карма – бұрын істеген іс-әрекет нәтижесі, оған адам болашағы 
тәуелді. Сіздің кармаңыз – Сіздің өзіңіз. Сіздің реинкарнацияңыз – сіздің 
кармаңыздың жемісі. Көне үнді діні мен философиясындағы таным. Карма 
танымы бойынша, тірі жан иесі өзінің өмірінде жасаған жақсы және жаман 
әрекеттерінің жиынтығына сәйкес, кейінгі басқа өміріндегі тағдыры 
шешіледі. 
КАТЕГОРИЯ 

 
лат. тіл. ауд. пікір. Аристотельдің философиясында – 
болмыс туралы пікірлердің жалпы сұлбалары, обьективті түрде бар нәрсенің 
жалпы тектері. И.Кант философиясында категориялар пайымның жалпыға 
бірдей априорлық ұғымдары. Г.Гегельдің философиясында онтологиялық 
және логикалық мазмұндар барабар болатын әмбебап ұғымдар. Марксшіл 
философияда категориялар – обьективті шындықтың әмбебап-жалпыға 
бірдей нәрсенің сипаттары, ойлаудың негізгі элементтері және танымның 
жалпыға бірдей түрлері. 
КАТОЛИЦИЗМ 
(грек. – жалпыға ортақ) — христиан дініндегі үш 
бағыттың бірі. Үшбірлік Құдайды (Троица) мойындай отырып, қасиетті 
рухты тек қана әке – құдайдан ғана емес, бала – құдайдан да беріледі деп 
таниды. Православиедегідей католицизмде жеті құпия бар. Діни нанымның 
бастауы – Библия («Қасиетті жазу») және діни дәстүр («Қасиетті аңыз»). 
КЕҢІСТІК 
— материя болмысының формасы, оның көлемін, барлық 
материалдық жүйелердегі элементтердің өзара әсерін және болмыстың 


357 
кеңістіктік-универсалдық, жалпы категорияларын сипаттайды. Кеңістік бір 
уақытта бірге өмір сүріп отырған обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. 
КИНИКТЕР
— («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен аталып 
кеткен, аудармасы – «көгерген ит») сократтық кезеңдегі Ежелгі Грекия 
философиялық мектептерінің бірі. Өкілдері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет