1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


социализм туралы түрлі теориялық



Pdf көрінісі
бет216/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   260
социализм туралы түрлі теориялық 
ілімдер
пайда болды. К.Маркс пен Ф.Энгельс осы жағдайлардың бәрін ой 
елегінен өткізіп, талдап, екшей келіп, жаңа ғылыми теорияның негізін 
жасады.
МАТЕРИАЛИЗМ 
— лат. тіл. ауд. – заттық. Жаңа заманда батыстық 
философияда толығымен қалыптасқан және әлемнің жалғыз субстанциясы 
ретінде 
Т.Гоббс
тан бастау алар түсінікте ешкім де және ешнәрсе де 
жаратпаған материяны мойындайтын жаңа философиялық бағыт. Барша 
рухани және материалдық қүұбылыстарды материализм материяның 
туындысы деп біледі. Идеализмге қарама-қарсы. 
МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ 
— біртұтас адамзаттық мәдениеттің бір 
бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның 
материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам 
арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндеті және 
өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері. 


364 
МАТЕРИЯ 
— алдымен ежелгі гректің, кейін бүкіл батысевропалық 
философияның категориясы. Философияда материя формамен байланысты. 
Материя қалай түсінілсе де, форма мен форманың арақатынасын бұлайша 
түсіну үрдісі бүкіл кейінгі батысевропалық философияға тән еді. Аристотель 
философиясында да төрт себеп туралы ілім болған, олар – формальдық, 
материалдық, мақсаттық және әрекеттік себептер. Ағылшын философы 
Т.Гоббс мақсаттық және формальдық себептерді алып тастайды да, 
материалдық және қозғаушы себептерді біріктіріп, оларды табиғатқа қатысты 
қолданады. Осылайша материямен ажырамастай байланысты болатын 
материя мен қозғалыстың категориялары пайда болды. Материяның аталған 
түсінігін француз материалистері, Ф.Энгельс және В.Ленин қабылдайды 
және ол диалектикалық материализмде орнығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет