1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МЕТОД (грекш. - зерттеу жолы, теория, ілім) — білімдер жүйесін құру мен  негіздеу әдісі мен тәсілі.  МЕТОДОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет219/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   260
МЕТОД
(грекш. - зерттеу жолы, теория, ілім) — білімдер жүйесін құру мен 
негіздеу әдісі мен тәсілі. 
МЕТОДОЛОГИЯ 
(грекш. - метод туралы ілім) — теориялық және 
практикалық қызметті ұйымдастыру және құрастыру тәсілдері мен 
принциптері жүйесі және осы жүйе туралы ілім. 


366 
МЕХАНИЦИЗМ 
— классикалық механика заңдарын дүниеқұрылымның 
бірегей заңы деп мойындау, дүниенің механикалық бейнесін абсолюттендіру. 
МИЛЕТ МЕКТЕБІ 
(б.д.д.VIғ.) – Милет қаласынан шыққан ертедегі грек 
философтарының ілімдерінің атауы. Негізгі өкілдері: 
Фалес, Анаксимандр, 
Анаксимен
. Милет қаласы Кіші Азиядағы ірі сауда-кәсіптік полис болған. 
МИМАНСА 
(кейбір мәселені ойлану және сыни талдау арқылы шешудің бір 
жолы) — ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксальді мектептердің бірі. 
Джаймини
 
– негізін қалаған. Шамамен б.д.д. ІІ-ғасыр. Таным мәселесімен 
айналысты. 
Басқаша 
айтқанда, 
үнді 
мәдениетінде 
рәсім-салтты 
жалғастырған, оған деген сенімді қалыптастырған философиялық мектеп. 
МИН-ЦЗЯ 
— ежелгі Қытайдағы атаулы философиялық мектептер (логиктер, 
диалектиктер, софистер немесе бәстесуші – таласушылар). 
МИСТИКА 
(грекш. - құпия, нұрлану, Құдаймен рухани қатынаста болу) —
ырғақ пен күйлерге тәуелді болатын дыбыстағы, мантрадағы, дуалардағы 
мистикалық күштерді білуді айтады. 
МИСТИЦИЗМ 
(грекш. - сырлы, жұмбақ) — білімнің объектісін жанмен 
сезіну арқылы тура білуге болады дейтін діни–философиялық ілім. 
Мистицизм дегеніміз құдаймен ешбір дәнекерсіз тура араласу тәжірибесі, 
осы сезімнің қуанышы. 
МИТРАИЗМ, МИТРА 
— үнді–иран тілінде келісім немесе келіссөз дегенді 
білдіреді, осыған орай екі жақ бір нәрсе туралы келісімге келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет