1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПРАГМАТИЗМ  — (грекш. «прагма» - іс-әрекет дегенді білдіреді). Бұл  философияның бір бағыты ретінде XIXғ. 70-жылдары АҚШ-та



Pdf көрінісі
бет229/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   260
ПРАГМАТИЗМ 
— (грекш. «прагма» - іс-әрекет дегенді білдіреді). Бұл 
философияның бір бағыты ретінде XIXғ. 70-жылдары АҚШ-та
пайда 
болды. Прагматизм абстракті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін 
терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек 
субьектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты практикалық 
салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылады. Прагматизмнің 
негізін алғашқы 
прагматизм өкілдері, американ философтары
Чарлз 
Сандерс Пирс (1839-1914) пен Уильям Джемс (1842-1910) салды. 
Соңғы 
прагматизм өкілдері
– Джордж Герберт Мид (1863-1931) пен Джон Дьюи 
(1859-1952) болып саналады. 
ПРАКТИКА 
(грекш. – іс, қызмет, әрекет) — классикалық неміс 
философиясы мен марксизмде елеулі маңызға ие болған категория. 
ПРАКТИКИ 
— санкхьялық ұғым бойынша, мәңгі әрекеттегі және 
құбылмалы энергия. 
ПРАКРИТАЛАР 
(«табиғи», «халықтық») — джайнистер мен буддистер 
еңбектерінде әдеби өңделген ауызша ортаиндиялық тілдер. 
ПРАКРИТИ 
— Материалдық табиғат, материалдық субстанция. 
ПРАНА 
— жан (атман); «жанның мүшелері»; көз, есіту, сезіну, иіс, дәм, 
сөйлеу, ойлану түрлері; тыныстың түрлері. 
ПРАМАН 

 
танымның қабылдау сипаты мен көрініс, дұрыс білім алудың 
бастаулары мен тәсілдері. 
ПРЕЗЕНТИЗМ 
— бұрынғы өткен ғылым тарихын қазіргі заманғы тілмен 
түсіндіру. 
ПРОБЛЕМА
— теориялық білім формасы, оның мазмұны-әлі белгісіз, бірақ 
оны тану қажет білім. Бұл білмеушілік туралы білім, таным процесі 
барысында пайда болатын және өзінің жауабын күтетін мәселе. К.Поппердің 
пікірінше, проблема мынадай жағдайда пайда болады: дербес алынған 
теориядағы 
қайшылықтардың 
салдарынан, 
екі 
түрлі 
теорияның 
қақтығысынан және теорияның бақылауымен сәйкес келмеуі нәтижесінен. 


375 
А.Эйнштейн: «Проблеманы тұжырымдау, оны қоя білу кейде оны шешуден 
де маңыздырақ, өйткені соңғысы тек математикалық, не эксперименттік 
шеберліктің ісі ғана болуы мүмкін. Жаңа мәселелерді қою, жаңа мүмкіндікті 
дамыту, ескі проблемаларды жаңа көзқараспен қарастыру шығармашылық 
зерделеуді талап етеді және шын мәнінде ғылымдағы жетістікті көрсетеді». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет