1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет232/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   260
ХІХғ. 20ж. пайда 
болды
. Реализм теориясы – Аристотельдің «мимесисті» табиғатқа еліктеу 
ретінде түсінуінен бастау алды деп топшылайды. Бұл мәселені кейін 
Ренессанс ойшылдары жалғастырды. Г.Лессинг пен Д.Дидро өнердегі «еркін 
еліктеушілік» ұғымын талдады. 
РЕВИЗИОНИЗМ 
(лат. – қайта қарау) — марксизмдегі советтік және 
«социалистік лагерь» елдерінің идеологиясына қайшы келетін ағымдарды 
сипаттау үшін сол идеология қолданған ұғым. 
РЕЛЯТИВИЗМ 
— танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау 
мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың 
сапалық тұрақсыздығын, олардың әртүрлі жағдайлар мен ситуациялардан 
тәуелділігін абсолюттендіреді. 


377 
РЕПРЕЗЕНТАЦИЯ 
— постмодернизм классикалық мәдениетті сипаттау 
үшін белсенді түрде қолданатын термин. Репрезентацияның мәнісі қайсібір 
біріншілік нәрсенің, таңбаланушының (түпнұсқа) өзін екіншілік нәрседе 
(көшірмеде) көрсетуіне байланысты. Категориялардың бүкіл жүйесі 
репрезентация қағидасына жауап береді – мән құбылыс арқылы, ал ішкі 
нәрсе сыртқы нәрсе арқылы көрініс табады және т.б. Постмодерн 
жағдайында репрезентация қағидасы жоққа шығарылады, өйткені 
симулякрлар (көшірменің көшірмесі) түпнұсқадан ажыратылады және 
«тереңдікті» өлшемей, «жазық беттің» үстінде көшіп жүреді, көптеген 
байланыс орнатады. 
РИЗОМА 

 
постмодернистердің ботаникадан алған термині. Ризома (өмір 
ағашы 
– 
бәйтерек, таным ағашы) орталығы бар (тамыры), діңі бар (негізгі 
ғылымдар-физикалар) және бұтақтары бар (басқа пәндер) классикалық ағаш 
метафорасына қарсы қойылады. Постмодерн мәдениеті осындай ризомаға 
ұқсатылады. 
РЕНЕССАНС, ҚАЙТА ӨРЛЕУ 
немесе 
ҚАЙТА ДӘУІРЛЕУ
— Батыс 
Европа мәдениетінің, өнерінің, ғылымының даму кезеңі (ХІV–ХVІғ.ғ), 
антикалық кезеңдегі идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және 
ортағасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда пайда 
болып, кейіннен Европаның басқа аймақтарына да таралды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет