1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет227/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   260
мәдениеттің басты 
құндылығы
мен шындығы адам
болып табылады деген түсінікті 
басшылыққа алатын ХХғ. философиялық мәдениеттанушылық бағыт. 
Персонализм тұлғаны абсолют ретінде түсінеді. Бұл түсінік тұлғаның 
еркіндігі идеясына жетелейді. Персонализмнің негізгі ұғымы – ғарыштық 
маңызы бар тұлға (персона). Тұлғаның басымдылығы рухани бастау 
болғандықтан, ол өзін-өзі, өзінің әлеуметтік әлемін және бүкіл ғаламды 
рухтандыруы тиіс болады. Персонализмнің негізін қалаушы француз 
философы – 
Э.Мунье
. Абай мен Шәкәрім, Н.Бердяев персоналистер болған. 
ПЛАТОН АКАДЕМИЯСЫ 
— б.д.д. 385ж. Платон ұйымдастырған 
философиялық мектеп. Бұл мектеп философиялық мәселелерді, құдайлар мен 
шығармашылық шабыт, шабыттанудың табиғаты және т.б. мәселелерді 
қарастырып б.д.VIғ. дейін (1000- жыл) өмір сүрді. 


373 
ПЛУТОКРАТИЯ 
— Дәулеттілердің (байлардың) билігі. 
ПЛЮРАЛИЗМ 
(лат. т. ауд. – көптік) — әлем көптеген өзара тәуелсіз және 
біріне-бірі келтірілмейтін бастаулардан немесе субстанциялардан құралады 
дегенді айтатын философиялық бағыт. Бұл аталмыш терминді – 
Х.Вольф
енгізген. Монизм мен дуализмге қарама-қарсы қойылады. 
ПОТЕНЦИЯЛАУ 
— Ф.Шеллинг натурфилософиясының категориясы. 
ПОЗИТИВИЗМ 
(лат. - «оң», «жағымды» - деген сөзінен шыққан) — XIXғ. 
30-40ж.ж. пайда болған 
философиялық бағыт
. Ғылымды философияға 
қарсы қоятын, философиялық мәселелерді теріске шығаратын, тек арнайы, 
«оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым. Оның негізін 
қалаған – 
Огюст Конт

ПОЛИТЕИЗМ 
(грекш. – көп және Құдай, яғни көпқұдайлық) — көп 
құдайшылдық, пұтшылдық, көптеген құдайларға табыну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет