1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


пракрити – бұл мәңгі әрекеттегі және құбылмалы энергия, ал  әр түрлі материалдық обьектінің бастау көзі болса, ал  пуруши



Pdf көрінісі
бет234/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   260
пракрити
– бұл мәңгі әрекеттегі және құбылмалы энергия, ал 
әр түрлі материалдық обьектінің бастау көзі болса, ал 
пуруши
– таза сананың 
немесе «Меннің», рухтың жеке болмысы. Пуруши мен пракритидің 
қосындысы әлемді құрайды және ғарыш эволюциясының себебі болып 
табылады. Мәңгілік әлемді мойындау – оның таным обьектісіне айналуы. 
Адам әлемді логикалық формалар мен құралдардың көмегімен таниды, ал 
әлем туралы білімнің ақиқаттылығын адам 
мынадай логикалық тәсілдер 
көмегімен негіздейді:
дәйектеу, дәлелдеу және ой қорытындылау. 
САНСАРА 
(санскр. – айналып оралу, иірім, яғни «алмасу») — үнді 
философиясы мен дінінің (индуизм, буддизм, джайнизм) негізгі 
тұжырымдамаларының бірі. Сансара бойынша тіршіліктің түрлерінің бәрі 
бір-бірімен тығыз байланысты және жанның бір денеден басқа бір денеге 
ауысып, алмасуы туралы ілім. Сансараны мәңгілік қайта айналып келу 
идеясын жеткізетін ұғым. Осы тұжырымдама бойынша, өлім өмірге қарсы 
қойылған зауал емес, өлім - өмірдің басқа түрлеріне өту жолы. 
САНСКРИТ 
(санскр. 
– 
өңделген, тазаланған) — көне үнділердің әдеби тілі. 
САНСКАРЛАР
— ластанған қалыптастырушы факторлар. 
САМСАРА 
— өмір ағымы, болмыс айналымы, жаңа түр беру. 
САТИРА 
(латынш. – қосынды) — болмыстағы жарамсыз құбылыстарды 
сықақ етіп, әшкерелеп көрсету және сол жанрда жазылған әдеби шығарма. Ол 
алғашқыда антик дәуіріндегі халықтық «күлкі мәдениетінің» шеңберінде 
дүниеге келген. 


379 
СӘУЕГЕЙЛІК 
— деп әлдебір жансыз зат (мата, әмиян, фотосурет, жай 
сурет және т.б.) арқылы ақпарат алу қабілетін айтады. 
СЕКУЛЯРИЗАЦИЯ 
(латынш. – діни емес, кәдімгі өмір тіршілігі, зайырлы) 
— бастапқыда діни ұйымдардың жеке меншігінінің, яғни шіркеулік 
жерлердің және мүліктердің мемлекет тарапына өту процесін білдіретін 
үғым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет