1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет235/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   260
СЕМАНТИКА
(грекш. – белгілеуші, білдіруші) — семиотиканың түрлі 
белгілік формалардың мәні мен мағынасын зерттеуге арналған бөлігі. 
СЕМИОЛОГИЯ
— семиотика терминімен қатар қолданылды. Ол тіл 
теориясын және оның басқа да белгілер жүйесімен байланысын білдіреді. 
Терминді алғаш рет - 
Ф де Соссюр
енгізді. 
СЕМИОТИКА
(грекш. – белгі, таңба) — белгілер жүйесінің (табиғи тілдің 
жасанды тілдің, әр түрлі белгілік коммуникация мен адамдар және жануарлар 
әлемінде 
қалыптасқан 
сигналдық 
жүйелердің, 
компъютерлік 
бағдарламалардың т.б.) қасиеттерін зерттейтін философиялық–теориялық 
ғылыми бағыт. 
СИМВОЛ 
(грек. 
– 
таңба, белгіленетін нышан) — рәміз, нышан, таңба, белгі.
СИМУЛЯКР 
— постмодернизмнің термині. Ол жаһандану дәуіріндегі 
мәдениет түрінің түбегейлі өзгерісін белгілейді. Бұрын таңбаланушы (нақты 
зат, түпнұсқа)
– 
таңбалаушы (зат көрінетін нәрсе, көшірме) сызба-нұсқа 
үстем болатын. Ақпараттық технологиялар жағдайды түбегейлі өзгертіп 
жіберді. Түпнұсқа - көшірме қатынасын көшірме – екінші көшірме – үшінші 
көшірме және т.б. қатынасы алмастырады. Түпнұсқамен байланысын 
жоғалтқан көшірме симулякр деп аталады. 
СИНЕРГЕТИКА 
(грек.
– 
көмек, бірге болу немесе ықпал ету дегенді 
білдіреді) — табиғи, әлеуметтік, когнитивтік, яғни ашық бейтепе-теңдік 
жүйелер эволюциясы заңдарын ізденіске бағытталған, өзіндік ұйымдасудың 
жалпығылыми теориясы. «Синергетика» 
– 
терминін ғылымға неміс физигі 
Г.Хакен
1973 жылы енгізді, сонымен қатар бельгиялық физик-химик 
И.Пригожинде осы мәселемен айналысты. 
СИНКРЕТИЗМ 
(грекш. – біріктіру) — «жігі ашылмаған», «біте қайнасқан» 
деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да 
болсын құбылыстың жетілмеген, дамымаған, өзара жіктеле қоймаған 
бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе 
архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. 


380 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет